Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Атырау облысы әкімі аппаратымен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы
№13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібіне өзгеріс енгізу мақсатында «Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі №57 «Атырау облысы әкімдігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз.
Аталған қаулы жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14596957