Телефон нөмірімді ауыстырайын деп ем, бірақ ұялы қосымшаға кіре алмадым?

Телефон нөмірімді ауыстырайын деп ем, бірақ ұялы қосымшаға кіре алмадым?

Егер көрсетілген нөміріңізді өзгертсеңіз, онда жеке деректерді өзгерту және жаңарту үшін сіз төмендегі екі әдістің бірін пайдалана аласыз:

1) enpf.kz сайтындағы "Электрондық сервистер" бөлімі "Деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу"  бөлімшесін таңдап, электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен параққа кіріңіз;

2) БЖЗҚ және "Қазпошта"АҚ бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

Сайтта  өзіңіздің деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізіп қана қоймай, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама, ЖЗШ-дан үзінді көшірме ала аласыз, өзіңізді қызықтыратын сұрақпен де өтініш жолдай аласыз. "Мобильді кеңсенің" шығуына, кері қоңырауға тапсырыс беріп, "Зейнетақы калькуляторының" көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептей аласыз. Сондай-ақ, ол арқылы шоттың жай-күйін бақылап, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер туралы білуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесінің орналасқан жерін көруге, тіпті байланыс орталығына қоңырау шалуға да болады.

Сонымен бірге БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы сайт және ұялы қосымшаның көмегімен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйді жақсартуға немесе емделуге пайдалану құқығын іске асыру үшін немесе инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға аудару үшін ЖЗШ-да жеткілікті қаражатының бар-жоғын біле алады.

Дата публикации
01 июня 2023