Атырау қаласы бойынша «Ақылды қала» жобаларын іске асыру және өңірді цифрландыру барысы
Қаланы басқару саласын цифрландыру.
2016 жылы Атырау облысының Геоақпараттық порталы (Геопортал) әзірленді.
Геопортал - өңір туралы пайдалы және өзекті картографиялық ақпараты бар заманауи көп функционалды веб-портал.
2019 жылы Атырау облысының электрондық қызметтер мен қызметтер порталы енгізілді.Бұл портал eatyrau.kz сайтында орналасқан. Қазіргі уақытта жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер автоматтандырылды. Олардың ішінде – сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) алу, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды беру, нобайлық жобаларды келiсу, жер учаскесiне құжаттарды ресiмдеу, жерге орналастыру жобаларын бекiту, жердің нысаналы мақсатын өзгерту және т.б. қызметтер автоматтандырылған. Портал арқылы 36 мыңнан аса электрондық түрде қызмет көрсетілді.
Білім беру саласын цифрландыру. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру (indigo-atyrau.e-orda.kz) және балаларды мектепке қабылдау автоматтандырылды, «Күнделік.KZ» электронды журналы енгізілді, «PLATONUS» ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру. «Атырау облысының медициналық мекемелерінде жасанды интелект арқылы, онкологиялық ауруларды анықтау бойынша радиологиялық зерттеулерді цифрландыру және орталықтандыру» жобасы аясында, ПАКС, WADO, жасанды интелект ақпараттық жүйелері енгізілді. Сонымен қатар ДамуМед ақпараттық жүйесі барлық (электрондық медициналық карта) медициналық мекемеде енгізілген.
Көлік және логистика саласындағы цифрландыру. Қалада жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі (бұдан әрі - ЖТЭЖ) іске асырылған. Қаланың барлық автобустары ЖТЭЖ - мен жабдықталған. «Avtobys» мобильдік қосымшасы іске қосылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрландыру. Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді цифрландыру мақсатында пилоттық режимде «E-Shanyrak» жобасы жұмыс жасап жатыр. «E-Shanyrak» бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйесіне Атырау қаласындағы 31 көпқабатты тұрғын үй (Береке және Нұрсая ықшам ауданы) толықтай қосылды. Олардың ішінде көпқабатты тұрғын үйлерге автоматтандырылған салқын және ыстық су есептегіш, электр энергиясын есептегіш, газ есептегіш құралдары орнатылды.