Атырау облысында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2023 жылдың І тоқсан есебіне ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Атырау облысында көрсетілген мемлекеттік

қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері

бойынша 2023 жылдың  І тоқсан есебіне

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2023 жылдың І тоқсанында  32  бақылау іс-шаралары жүргізіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты 757 бұзушылық фактісі анықталды.

Өз кезегінде, ішкі бақылау нәтижелері бойынша, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға жол берген  2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тексеріс  барысында  757 бұзушылық анықталып, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері – 1, ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап ету фактілері – 9, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері – 1, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамау – 95, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 651.

Тексеру нәтижесімен алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында  ішкі бақылау жұмыстарына  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдері  қатыстырылып, 104 ұсыныс беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 2023 жылдың І тоқсанында  барлығы 1 305 283 қызмет, соның ішінде   жеке тұлғаға,   заңды тұлғаға қызмет көрсетілді, оның ішінде;

- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы қағаз түрінде – 247 (жеке тұлға –246, заңды тұлға –1)  қызмет;

- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация  арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз түрінде – 3209 (жеке тұлға -3166,  заңды тұлға -43) қызмет;

көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 1290378 (жеке тұлға –1290177, заңды тұлға –201)  қызмет;

көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы - 11449 (жеке тұлға –10922, заңды тұлға –527)  қызмет.

Сонымен бірге,  «Мониторинг» ақпараттық жүйеде мерзімі бұзылу қаупі туындаған қызметтер мәліметі тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, орындалысы туралы скриншоттар жинақталып, бақылауда.

Есепті кезең ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден негізді бас тартудың жалпы саны –25, оның ішінде электронды түрде берілгені –25, қағаз түрінде -0.

2023 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша 351 шара, соның ішінде 29 жиналыс, 71 түсіндіру жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарында 108 мақала жарияланып, 4 тікелей эфир өткізілген, 114 фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерде ақпарат,  7 ашық есік, 5 қоғамдық кеңес ұйымдастырылған. Атырау қаласы мен аудандарда  13 мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеде тұрғындарға барлық көрсетілетін қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, қызметтерді электронды түрде алу туралы кеңестер берілді.

«Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру бас бостандығыңнан айырады» атты  брошюралар қоғамдық көліктерге ілінді және 90 данасы халыққа таратылды.

Облыс әкімі аппаратымен бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша жадынама дайындалып, қызмет көрсететін мемлекеттік органдарға жұмыс бабында пайдалану үшін жолданды.

Сонымен қатар, қажетті құрылғылары жоқ немесе электрондық проталды қолдануда көмек қажет ететін тұрғындар үшін «Электрондық үкімет» порталына қолжетімділікті арттыру мақсатында (әкім аппараттарында, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында) 200-ден астам өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары және аудан әкімдіктерінің ғимартаттарынан ашылған сервистік әкімдіктер арқылы қызметтер көрсетілуде. Барлық қызмет көрсету бұрыштарына жауапты кеңесшілер белгіленген. Нәтижесінде 2023 жылдың І тоқсанында  12342 қызмет электронды түрде көрсетіліп, 1758 электрондық цифрлық қолтаңба алынды.

Қазіргі уақытта әкімдікке қарасты мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты 207 мемлекеттік қызметші бар. 2023 жылдың І тоқсанында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан 18 қызметкердің (2020 ж - 41, 2021 ж - 43) біліктілігі арттырылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде «Е-әкімдік», «Е-собез», «Еңбек нарығы», «АХАТ тіркеу пункті», «indigo», «Sakura», «eatyrau.kz», «Е-лицензиялау», «kezekte.kz», «Qoldau.kz», «Е-асу», «Damumed», «E-quzmetter», «gosreestr» және тағы басқа ақпараттық жүйелері  арқылы көрсетілуде.

Орын алған проблемалық мәселелер бойынша тиісті орталық атқарушы органдарға  ұсыныс хаттар жолдануда.

Атап айтсақ, «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызметтерін электрондық форматта көрсету жүйесі қолжетімсіз.

 «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» (17), «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (21), «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» (25) қызметтері «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданғанда мемлекеттік органға мүлдем көрінбеу фактілері орын алуда.

 

 

 

Атырау облысында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2023 жылдың І тоқсан есебіне ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
25 апреля 2023