Атырау облысы әкімдігі бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы ақпарат
Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары бойынша «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне 2023 жылдың 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 8159 өтініш тіркелген.
Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 4591 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде, қолайлы әкімшілік акт қабылданғаны-3083, ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданғаны -1508.
Өтініштердің мәселелері бойынша: жер және жер пайдалану – 2234, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер – 706, білім беру -508, еңбек қатынастары – 377, тұрғын үй бөлу – 290, әлеуметтік қамтамасыз ету – 269, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары – 167, жұмыспен қамту – 193, құрылыс – 195, мемлекеттік сатып алу, қаржы бақылау - 142, денсаулық – 136, мәдениет – 321, ішкі саясат -129, көші-қон, мемлекеттік шекарадан өткізу – 108, мемлекеттік басқару – 78, кәсіпкерлік - 92, көлік және коммуникация - 93, ауыл шаруашылығы - 167, құжатайналымы - 53, төтенше жағдайлар – 48, жеке қабылдау – 45, қоғамдық және жол қауіпсіздігі – 45, өнеркәсіп – 33, ақпарат және байланыс қауіпсіздігі – 27, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету – 25, спорт – 24, басқа да мәселелер бойынша – 1654 келіп түскен.
Сондай-ақ, азаматтардың келесідей өзекті ТОП-3 мәселелері қаралды:
ТОП-1: Жер және жерді пайдалану - 2261 (2022ж.-31), өсім 98,6%;
ТОП -2: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық – 717 (2022ж.-16), өсім 97,8%;
ТОП -3: Білім беру – 171 (2022ж. -428), төмендеу 60%.
2023 жылдың І тоқсанында облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен есепті кезеңде 253 қабылдау ұйымдастырылып, 1037 азамат жеке қабылданды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен жеке кездесулері шеңберінде облыс әкімімен 29 азамат жеке қабылданды.
Қабылдау үстінде өтініш иелеріне мәселелері бойынша заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені – 515, мемлекеттік органдарға өтініш иелерінің мәселесін қарау үшін тапсырма жолданғаны – 522.
Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 390 азамат өтініш білдірді. Олардың: тұрғын үй - 61, денсаулық -37, әлеуметтік көмек - 11, білім - 22, жұмыспен қамту-13, жерді пайдалану-7, жол салу-3, кәсіпкерлік-11, құрылыс-1, мәдениет-3, ауыл шаруашылығы-2, қаржы-1, тағы да басқа мәселелер бойынша - 218. Барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.