Зейнетақы жинақтарын үнемі тексеріп отыру қажеттілігі бар ма және оны қалай жасауға болады?
БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі – ЖЗШ) өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін қадағалауды, оның ішінде БЖЗҚ-дағы сіздің ЖЗШ-ға зейнетақы жарналарының/БЗТ-ның уақытылы аударылуына/түсуіне тұрақты түрде назар аударуға кеңес береді. Өкінішке орай, жұмыс беруші өз міндеттемелерін толық орындамайтын немесе мүлде орындамайтын жағдайлар бар. Сондықтан өз ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйін жүйелі түрде тексеру артық болмайды.
ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу – салымшылардың (алушылардың) заңмен бекітілген құқығы. Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты төменде көрсетілген әдістер арқылы біле аласыз:
БЖЗҚ/ЕНПФ не электрондық үкіметтің (egov.kz) сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып;
БЖЗҚ-да ұсынылған мекенжайға электрондық пошта арқылы;
Естеріңізге сала кетейік, салымшы (алушы) 10 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ-ға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабарлауы қажет.