Бірде досымның кеңесі бойынша зейнетақы жинақтарымның бір бөлігін сақтандыру компаниясына аудардым. Мен оларды БЖЗҚ-ға қайтара аламын ба?

Бірде досымның кеңесі бойынша зейнетақы жинақтарымның бір бөлігін сақтандыру компаниясына аудардым. Мен оларды БЖЗҚ-ға қайтара аламын ба?

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 12.07.2022 ж. № 138-VII Заңымен нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

12.09.2022 ж. бастап күшіне енген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ЗАШ (бұдан әрі – ЗАШ) жасасқан адамдар оны жасасқан күннен бастап кемінде екі жылдан кейін ғана сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шартының талаптарына сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару бойынша өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл өзгерістердің әрекеті 12.09.2022 ж. дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан  туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады. БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс ақша сомасы оған өзгерістер енгізілген күнгі ЗАШ бойынша сатып алу сомасы мен ЗАШ-қа өзгерістер енгізілген күнгі заңның 59-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең. Заңның 59-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері ЗАШ жасасқан күні қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің (зейнетақы аннуитеті шартын екі тұлға жасаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 еселенген мөлшерінен) 70 пайызынан төмен болмауы тиіс.

Сатып алу сомасын БЖЗҚ-ға ЗАШ бойынша аудару тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 73 қаулысымен бекітілген, қолданысқа  08.11.2022 ж. бастап енгізілген сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларының ережелерімен айқындалған. Оған сәйкес жөнелтуші сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартының талаптарын өзгерту туралы өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қайтарылуы тиіс ақшаны БЖЗҚ-ға аударуға міндетті. Ал Қор өз кезегінде, БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен салымшының (салымшылардың) және (немесе) алушының (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына 5 (бес) жұмыс күні ішінде есепке алуы тиіс.   

Осылайша, сіз ЗАШ жасалған сақтандыру ұйымына өтінішпен жүгінуге және егер бар болса, БЖЗҚ-ға ЗАШ-тың ең төменгі құнынан асатын сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруға құқылысыз.

Дата публикации
14 апреля 2023