Егер азамат зейнетке шығып, төлем ала бастаған болса, оның БЖЗҚ-дағы жинақтарының инвестициялануы тоқтап қалмай ма?
Салымшы зейнет жасына толғаннан кейін салымшының жеке зейнетақы шотына соған дейін түскен барлық ақша, оның ішінде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ, сондай-ақ оларға есептелген инвестициялық табыс, өсімпұл және өзге де түсімдер бұрынғысынша оның зейнетақы активтерінің бір бөлігі болып есептеледі және оны " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі инвестициялайтын болады.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте, ұялы қосымшада немесе электрондық үкімет порталында өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. Зейнетақы активтері қандай қаржы құралдарына орналастырылғаны туралы мәліметтер БЖЗҚ сайтындағы "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.