Атырау облысы жергілікті атқарушы органдарының көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша  2022 жылғы қызметі туралы ЕСЕБІ

Атырау облысы жергілікті атқарушы органдарының көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылғы қызметі туралы ЕСЕБІ

 

Атырау облысы әкімдігімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жетілдіру бағытында  жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда.

Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарымен 2022 жылы  128 бақылау іс-шаралары жүргізіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты 401 бұзушылық фактісі анықталды.

Өз кезегінде, ішкі бақылау нәтижелері бойынша, жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға жол берген 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тексеріс  барысында 401 бұзушылық анықталып, соның ішінде  мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу фактілері – 141, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 73, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері – 2, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамау – 159, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері  - 26.

Тексеру нәтижесімен алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында 306  ұсыныс беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 2022  жылы  барлығы  4 630 655 қызмет, соның ішінде 4 625 921 жеке тұлғаға,  4734  заңды тұлғаға қызмет көрсетілді, оның ішінде;

- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы қағаз түрінде –  800 (жеке тұлға –684, заңды тұлға –116)  қызмет;

- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация  арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз түрінде –19889 (жеке тұлға -19825,  заңды тұлға -64) қызмет;

көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 156102 (жеке тұлға –154926, заңды тұлға –1176)  қызмет;

көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы - 4453864 (жеке тұлға –4450486, заңды тұлға –3378)  қызмет.

Сонымен бірге,  «Мониторинг» ақпараттық жүйеде мерзімі бұзылу қаупі туындаған қызметтер мәліметі тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, орындалысы туралы скриншоттар жинақталып, бақылауда.

Есепті кезең ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден негізді бас тартудың жалпы саны – 11846, оның ішінде электронды түрде берілгені – 3770, қағаз түрінде - 8076.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы  бойынша департаменті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша ақпараттық технологиялар орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті өкілдерімен бірлесе  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша 1861 шара ұйымдастырылған, соның ішінде 1174 түсіндіру жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарында 352 мақала жарияланып,  10 тікелей эфир өткізілген, 336 фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерде ақпарат, 89 бейнеролик орналастырылған.

Атырау қаласы мен аудандарда 57 мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеде тұрғындарға барлық көрсетілетін қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, қызметтерді электронды түрде алу туралы кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды және ЭҮП бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Электронды  форматта қызметтерді ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кері байланысты күшейтуге бағытталған Атырау облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалымен 2022 жылға арналған бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес  мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.gov.kz) орналастырылып, «facebook» әлеуметтік желілісінде жарияланды.  «Caspian news» телеарнасының «Елге қызмет» хабарында  облыс әкімі  аппараты басшысының орынбасары,  тиісті облыстық басқармалар басшылары, Атырау қаласы мен аудандар әкімі аппараттарының басшылары  мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселесі  бойынша  тікелей эфир ұйымдастырылды.

 «Электрондық үкімет» порталын пайдалану, электрондық қызметті қолжетімді алу мақсатында шалғай жерлерде орналасқан елді мекендер әкімдіктері, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде 200-ден астам өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары, әкімдіктер жанынан құзіретті әрі кәсіби мамандармен қамтылған, электронды кезек, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, Wi-Fi желісі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы орындары бар сервистік әкімдіктер ашылып, қызметтер көрсетуде. 2022 жылы 99 890 қызмет электронды түрде көрсетіліп, 51 686 электрондық цифрлық қолтаңба берілген.

Мемлекеттік орган ғимараттарында ашылған өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары қажетті құрал-жабдықтармен (компьютер, принтер, сканер, интернет желісі) толықтай қамтамасыз етілген.

*Анықтама: Облыс бойынша ЭЦҚ алған адамдар саны 2020 жылы – 144 437, 2021 жылы – 172 147, 2022 жылы – 179623.

Атырау облысында eatyrau.kz электронды қызметтер мен сервистер порталы арқылы «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметін  көрсетуде «Атырау  Жарық», «Қазақтелеком», «Атырау Су Арнасы», «Атырау Жылу жүйелері» акционерлік қоғамдарында құжаттарды және техникалық шарттарды келісімдеу рәсімі автоматтандырылып, электронды түрде жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан 43 қызмет көрсетуге жауапты маманның біліктілігі арттырылды.                 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде «Е-әкімдік»,  «Е-собез», «Еңбек нарығы», «АХАТ тіркеу пункті», «mektep.snation.kz», «eatyrau.kz»,   «Е-лицензиялау», «Qoldau.kz», «Е-асу», «Damumed»,  «E-quzmetter» және тағы басқа ақпараттық жүйелері  арқылы көрсетілуде.

Орталық  атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде жиі техникалық ақаулықтар орын алады. Алайда, техникалық ақаулықтарды ретке келтіру үшін жергілікті өңірде мүмкіндік жоқ, себебі ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуші мекемелер Астана  қаласында орналасқан.

Орын алған проблемалық мәселелер бойынша тиісті орталық атқарушы органдарға, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне  ұсыныс хаттар жолдануда.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде  2022 жылға  әлеуметтік зерттеулерге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылды. 2022 жылғы қоғамдық мониторингті жүргізуге конкурстық процедуралардың нәтижесі бойынша  жеңімпаз атанған «Newgrup.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Дата публикации
27 марта 2023