ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына №13 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат А.Б.Жолмуханованың өз кандидатурасын қайтарып алуы туралы округтік сайлау комиссиясының хабары
2023 жылғы 15 наурыз Атырау қаласы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 90-бабы 1-тармағының 1-1 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына №13 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Жолмуханова Асель Бауржановна жазбаша өтініші бойынша өз кандидатурасын қайтарып алды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау жөніндегі
№13 бірмандатты округтік сайлау комиссиясы