Атырау облысы мәслихатының депутаттығына «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Атырау облыстық филиалынан партиялық тізім бойынша тіркелген кандидат К.К.Жумагалиеваны кандидат ретінде партиялық тізімнен шығару туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
2023 жылғы 27 ақпан Атырау қаласы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес (Мемлекеттік кірістер департаментінің кандидаттың жұбайы декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерінің дұрыс еместігінің анықталуы туралы хаты негізінде) Атырау облысы мәслихатының депутаттығына «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалынан партиялық тізім бойынша тіркелген кандидат Жумагалиева Карина Коныскерейқызы кандидат ретінде партиялық тізімнен шығарылды.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы