ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына №13 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат С.Б.Ускенбаевты тіркеудің күшін жою туралы округтік сайлау комиссиясының хабары
2023 жылғы 27 ақпан Атырау қаласы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес (Мемлекеттік кірістер департаментінің кандидаттың декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерінің дұрыс еместігінің анықталуы туралы хаты негізінде) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына №13 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Ускенбаев Сакен Булекбаевичті кандидат ретінде тіркеу туралы 2023 жылғы 15 ақпандағы №4 шешімінің күші жойылды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау жөніндегі
№13 бірмандатты округтік сайлау комиссиясы