Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау жөніндегі №13 округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау жөніндегі №13 округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Атырау облыстық №13 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Камалова Нурайнаш Балтабаевна, 1977 жылы туған, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Атырау облыстық филиалының төрайымы, Атырау қаласының тұрғыны;

Байжанов Нуртас Жарылгасинович, 1988 жылы туған, Қазақстан фермерлері қауымдастығының Атырау филиалы басшысының орынбасары,"Манас" шаруа қожалығының төрағасы, Атырау қаласының тұрғыны.

Ускенбаев Сакен Булекбаевич, 1978 жылы туған, «Заң и Сервис»  ЖК-інің басшысы, Атырау қаласының тұрғыны.

                                             

                                              ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау

                                              жөніндегі  №13 округтік сайлау комиссиясы 

 

 

Дата публикации
16 февраля 2023