№13 сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау жөніндегі округтік комиссиясының ХАБАРЫ

№13  сайлау округі бойынша  Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің  депутатын сайлау жөніндегі округтік  комиссиясының

ХАБАРЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Атырау облыстық №13 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Вертинская Олеся Владимировна, 1983 жылы туған, «Жол патруль» қоғамдык бірлестігінің журналисі, Туркістан қаласының тұрғыны;

Елекеев Ирак Қасымұлы, 1947 жылы туған, зейнеткер, Астана қаласының тұрғыны;

Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы, 1963 жылы туған, Қазақстанның «Жер қойнауын пайдаланушылар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, Атырау қаласының тұрғыны.

Жұбанов Әділ Орынбасарұлы, 1972 жылы туған, «БатысАльянсСтрой» ЖШС-нің бас директоры,  Атырау қаласының тұрғыны.

 

 

Дата публикации
10 февраля 2023