Об организации обучения членов избирательных комиссий и других участников избирательного процесса на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан, назначенных на 19 марта 2023 года

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің 

басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 11-1) тармақшасына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Атырау қаласы мен аудандық аумақтық сайлау комиссиялары 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту кезеңдерінің мерзімдерін сақтаумен қатар оқыту сапасын және сайлауды ұйымдастырушылардың барынша қамтылуын қамтамасыз ете отырып, оқытуды ұйымдастырсын.
  3. Осы қаулы Атырау облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

Атырау облыстық аумақтық

 сайлау комиссиясының төрағасы

А.Айманакумов

 

Атырау облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы


А.Аманжулова

 

 

 

 

 

Атырау қаласы

2023 жылғы 23 қаңтар

№

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы
Дата публикации
26 января 2023