Партиялық тізімдер бойынша сайланатын
Атырау облыстық мәслихаты
депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезінде
ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
1) саяси партияның жоғары органының шешімі-саяси партияның жоғары органы мүшелерінің және партиялық тізімге енгізу үшін берілген дауыстардың жалпы санын көрсете отырып, партиялық тізімді ұсыну туралы саяси партияның жоғары органының хаттамасынан үзінді;
2) Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) партиялық тізім (электрондық (Excel форматында) және қағаз тасымалдағыштарда);
4) азаматтардың партиялық тізімге енгізілуге келісімі туралы өтініші;
5) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;
6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.
тіркеу кезінде
7) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) 2023 жылғы 1 қаңтарға активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
8) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (350 000 теңге, 5 ЕТЖ = 70 000*5)
Партиялық тізімді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясына өкілеттіктері тиісті құжаттар мен расталған саяси партияның өкілі ұсынады.
Партиялық тізімде екі санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың саны жиынтығында оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
Саяси партиялар адамдарды партиялық тізімге орналастыру тәртібін дербес айқындайды.
Атырау облыстық бір мандаттық аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша Атырау облыстық мәслихат депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.
Құжаттар Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады