Атырау облысы бойынша 2022 жылы жеке және
заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы туралы
Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары бойынша «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің «Qlik» статистикалық талдамасының мәліметіне сәйкес 2022 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 26450 өтініш тіркелген.
Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 13,5%-ға кеміп отыр. (2021ж. – 30562).
Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша қағыбылданған шешімдер:
Қолайлы әкімшілік акт қабылданды-14778, ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданды-4380, шағымды қанағаттандырусыз қалдыру- 267, жауап беру -4774, қарауды тоқтату – 865, назарға алу -817, шағымда көрсетілген талаптарды толықтай қанағаттандыру бойынша әкімшілік әрекет жасалды -487, шағымды қараусыз қалдыру-47, әкімшілік әрекетті жасау-21, әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау – 6, әкімшілік актінің күшін жою - 3.
Өтініштер бойынша азаматтардың көтерген негізгі мәселелері: жер қатынастары және ауыл шаруашылығы – 12081 (45,7%), құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер – 6206 (23,5%), жұмыспен қамту - 1995 (7,5%), әлеуметтік қорғау, адам құқықтары – 1225 (4,6%), білім беру – 1162 (4,4%), қаржы мәселелері – 958 (3,6%), денсаулық – 504 (1,9%), мәдениет және спорт -461 (1,7%), көші-қон мәселелері – 436 (1,6%), БАҚ, ақпарат және байланыс -197 (0,7%), табиғи ресурстар және экология - 139 (0,5%), әкімшілік құқық бұзушылық – 116 (0,4%), мемлекеттік қызмет көрсету – 68 (0,3%).
Сондай-ақ, есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдарға барлығы 859 шағым келіп түскен, 2021 жылмен салыстырғанда шағымдар саны 6,4%-ға артып отыр (2021 жылы - 807).
Оның ішінде, шағымдардың көпшілігі мазмұны бойынша құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы - 295, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы – 224, білім беру – 56, әлеуметтік қамтамасыз ету – 46, кәсіпкерлік, қаржы қызметі – 43, денсаулық сақтау- 36, жұмыспен қамту -19 құраған.
Өткен жылда азаматтардың ТОП-5 келесідей өзекті мәселелері қаралды:
- жер қатынастары, ауыл шаруашылғы мәселесі (12081) 45,7%;
- құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі (6206) 23,5%;
- жұмыспен қамту, еңбек нарығы мәселесі (1995) 7,5%;
- әлеуметтік қорғау, адам құқықтары (125) 4,6%;
- білім беру (1162) 4,4%.
Барлығы тіркелген 26450 өтініштер бойынша өтініш берушілердің саны 16393 құрады. Оның ішінде,
- өтініштердің (7484) 50,1%-ы әйелдерден келіп түскен;
- өтініш берушінің типі бойынша ең көбі жеке тұлғалардан – (14964) 91,3% қалған бөлігі (1433) 8,7% заңды тұлғалардан түсті;
- жас санаты бойынша келіп түскен өтніштердің көбі өңірдің 31 жастан 40 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті халқынан – (3954) 26,5%;
- өтініш берушілердің әлеуметтік мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылғандар – 2380, жұмыссыздар – 1867, кәсіпорындар, фирмалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар – 1325, зейнеткерлер – 1079, кәсіпкерлер – 662, мүгедектер – 304, өзін өзі қамтығандар – 204, көп балалылар -195, мемлекеттік қызметшілер – 71, қорғаншы (қамқоршы) – 27, азқамтылғандар -21, қандас -17, әрекетке қабілетсіз – 15, әрекетке қабілетті – 10, студент -10, аноним -8, сотталғандар – 6, ҰОС қатысушылар -4, БАҚ өкілдері -3, мәртебесі анықталмағандар – 10116 азамат.
2022 жылы облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен есепті кезеңде 722 қабылдау ұйымдастырылып, 3389 азамат жеке қабылданды.
Сонымен қатар, Президенттің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен жеке кездесулері шеңберінде облыс әкімімен 191 азамат жеке қабылданды.
Қабылдау үстінде өтініш иелеріне мәселелері бойынша заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені – 1548, мемлекеттік органдарға өтініш иелерінің мәселесін қарау үшін тапсырма жолданғаны – 1841.
Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 1754 азамат өтініш білдірді.Олардың: тұрғын үй - 402, денсаулық -174, әлеуметтік көмек - 64, білім - 104, жұмыспен қамту-127, жерді пайдалану-75, жол салу-22, кәсіпкерлік-55, құрылыс-18, мәдениет-15, ауыл шаруашылығы-18, қаржы-11, тағы да басқа мәселелер бойынша - 669. Барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.