Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өңір халқымен кездесуі

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өңір халқымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сай, Атырау облысының әкімі С.Шәпкенов 2022 жылы қала және аудандар бойынша елді мекендерді аралады.

Сондай-ақ тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында Атырау қаласы және 7 аудандағы 32 елді мекеннен 234 ұсыныс-пікірлер түсіп, зерделенді. Барлық ұсыныс-пікірлер бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, жауапты лауазымды тұлғалар бекітіліп, мерзімдері белгіленді. Оған қоса, облыс әкімі өңірді аралау кезінде 191 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Оның ішінде Атырау қаласында 12 азамат, Индер ауданында 28, Махамбетте 25, Исатайда 20, Құрманғазыда 19, Қызылқоғада 46, Жылыойда 26, Мақатта 15 азаматты қабылдады.

Көшпелі қабылдау үстінде 25 азаматқа көтерген мәселелері бойынша заң талаптарына сай түсінік берілді. Ал 140 азаматтың мәселесі бойынша тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына тапсырма берілді. Оның ішінде 9 азаматтың мәселесі оң шешімін тапса, 157 азаматқа заң талаптарына сай түсінік берілді.

 

Дата публикации
09 января 2023