Атырау облысында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2022 жылдың ІII тоқсанына ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Атырау облысында көрсетілген мемлекеттік

қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері

бойынша 2022 жылдың  ІII тоқсанына

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы №170/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 2022 жылдың IIІ тоқсанында барлығы 1 122 585    қызмет, соның ішінде  1 120 939 жеке тұлғаға,  1646 заңды тұлғаға қызмет көрсетілді, оның ішінде;

- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы қағаз түрінде – 573 (жеке тұлға –  563, заңды тұлға –10)  қызмет;

- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация  арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз түрінде –7184 (жеке тұлға -  7150, заңды тұлға – 34) қызмет;

- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 8394  (жеке тұлға –  7792, заңды тұлға –  602) қызмет;

 - көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы – 1106434      (жеке тұлға – 1105434, заңды тұлға – 1000) қызмет.

 «Мониторинг» ақпараттық жүйеде мерзімі бұзылу қаупі туындаған қызметтер мәліметі тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, орындалысы туралы скриншоттар жинақталып, бақылауда.

Есепті кезең ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден негізді бас тартудың жалпы саны – 292, оның ішінде электронды түрде берілгені – 289, қағаз түрінде - 3.

2022 жылдың ІІІ тоқсанында 3 қызмет «Объектілерді кейінен кәдеге жарату (қүрылыстарды бұзу)  жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу рұқсат беру», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша»мерзімі бұзылуымен көрсетілді.

«Объектілерді кейінен кәдеге жарату (қүрылыстарды бұзу)  жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу рұқсат беру» қызметі бойынша жауапты тұлғаға Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №22 бұйрығымен бөлімнің бас маманы А.С.Закаряваға  ескерту берілген.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» қызметі бойынша жауапты тұлғаға Атырау индустриалды колледж директорының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Т.М.Джумагазиевке ескерту  түрінде тәртіптік жаза (бұйрық №02-02/108 – 29.09.2022 ж.) қолданылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша         315 шара ұйымдастырылған, соның ішінде  214 түсіндіру жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарында 33 мақала жарияланып, 2 тікелей эфир өткізілген, 34 фейсбук әлеуметтік желілерде ақпарат, 18 бейнеролик орналастырылған, Атырау қаласы мен аудандарда 14  мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеде тұрғындарға барлық көрсетілетін қызмет заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, қызметтерді электронды түрде алу туралы кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды және ЭҮП бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Көрсетілетін  қызметті алушыларға қолжетімді ақпарат ұсыну үшін  облыс әкімдігінің ресми сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, жауапты мамандардың байланыс телефондары орналастырылды.

«Электрондық үкімет» порталын пайдалану, электрондық қызметті қолжетімді алу мақсатында шалғай жерлерде орналасқан елді мекендер әкімдіктері, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде 200-ден астам өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары, әкімдіктер жанынан құзіретті әрі кәсіби мамандармен қамтылған, электронды кезек, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, Wi-Fi желісі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы орындары бар сервистік әкімдіктер ашылып, қызметтер көрсетуде. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 69 690 қызмет электронды түрде көрсетіліп, 21 286 электрондық цифрлық қолтаңба берілген.

Мемлекеттік орган ғимараттарында ашылған өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары қажетті құрал-жабдықтармен (компьютер, принтер, сканер, интернет желісі) толықтай қамтамасыз етілген.

*Анықтама: Облыс бойынша ЭЦҚ алған адамдар саны 2020 жылы – 144 437, 2021 жылы – 172 147, 2022 жылдың 8 айы – 136330.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан 21 қызмет көрсетуге жауапты маманның біліктілігі арттырылды.                 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы әлеуметтік желілерде түсіндіру ақпараттары, бейнероликтер жарияланып, қызметтер электронды түрде «Е-әкімдік»,  «Е-собеc», «Еңбек нарығы», «АХАТ тіркеу пункті», «mektep.snation.kz», «eatyrau.kz»,   «Е-лицензиялау», «Шаңырақ», «Qoldau.kz», «Е-асу», «Damumed», «E-qyzmetter» және тағы басқа ақпараттық жүйелері  арқылы көрсетілуде.

Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарымен                            2022 жылдың  ІІІ тоқсанында  32 бақылау іс-шаралары жүргізіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты 199 бұзушылық фактілері анықталды.

Тексеріс  барысында  199 бұзушылық анықталып, соның ішінде  мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері – 74, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 3, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамау – 122.

Тексеру нәтижесімен алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында  84  ұсыныс беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 января 2023