Облыс әкімі С.Шәпкеновтің Құрманғазы ауданына жұмыс сапары барысында берілген тапсырмалары
№ 06-01-01-01-4/4, 2022 жылғы 20 мамыр
|
№ |
Тапсырманың мазмұны |
Орындалу барысы |
Мерзімі |
Орындалуына жауаптылар |
|
1. |
Байда ауылдық округіндегі мектептің жағдайына зерделеу жүргізіп, мектеп құрылысын салу мәселесіне қатысты нақты ұсыныс-салалық қорытынды енгізсін; |
Құрманғазы ауданы Байда ауылынан жаңа типті жобада 600 орындық мектеп құрылысын салу жөнінде Атырау облыстық Білім беру басқармасына 04.04.2022 жылғы №06-07-29-1-2/2826, 31.05.2022 жылғы №06-07-29-1-2/462 хатпен ұсыныс жолданды. Құрманғазы ауданын 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. |
20 маусымға ұсыныс |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Бекенов, Құрманғазы ауданының әкімі, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Білім беру (жиын), Құрылыс басқармалары |
|
2. |
2.1. Байда ауылдық округі тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мәселесін қарастырып, округке су желісін тарту мәселесі бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын; |
Котяевка ауылындағы су желісінің ұзындығы 28 км, мердігер мекеме «Болат Д» ЖШС. Жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары қазіргі уақытта тоқтап тұр. (Жобада ауылішілік асфальт жолдарының көрсетілмеуі және құрылыс материалдарының қымбаттауына сәйкес жобаға түзетулер енгізілуде) |
20 маусымға ұсыныс-ақпарат |
Облыс әкімінің орынбасарлары Н.Таушов, Қ.Бекенов, Құрманғазы ауданының әкімі, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (жиын) басқармалары
|
|
3. |
2.2. «Қиғаш-Маңғышлақ» су желісіне күрделі жөндеу және оның су тазарту имаратын қайта жаңғырту мәселесіне қатысты нақты ұсыныс берсін.
|
Аталған мәселе бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеке секторға мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейді. |
20 маусымға ұсыныс |
Облыс әкімінің орынбасарлары Н.Таушов, Қ.Бекенов, Құрманғазы ауданының әкімі, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (жиын) басқармалары |
|
4. |
Ауданның тозығы жеткен су тазарту имараттарын жаңарту жұмыстарын жүзеге асырсын. |
Аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамтып тұрған 24 су тазарту иммараттары қалыпты деңгейде жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта СТИ-ның су сүзгілері және басқа да қосалқы бөлшектері тозуына байланысты ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022-2023 жылдарға арналған күзгі-қысқы маусымына дайындық шараларының аясында 441,3 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурстарына сәйкес, мердігерлер анықталып, жұмыстар жүргізілуде. |
20 маусымға ақпарат |
Облыс әкімінің орынбасарлары Н.Таушов, Қ.Бекенов, Құрманғазы ауданының әкімі, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (жиын) басқармалары |
|
5. |
3.1. Аудандық орталық стадионға жаңғырту жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік нысандары жоқ елді мекендер тұрғындарына қолайлы жағдайлар туғызу мәселелерін шешсін.
|
Құрманғазы ауылында орналасқан орталық стадион 1985 жылы салынған. Қазіргі таңда нысанның толық тозығы жеткен. Орталық стадионды қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде мердігер "ГрадСтройСервис" ЖШС-гі анықталды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат алынуда. Әлеуметтік нысандары жоқ елді мекендер тұрғындарына қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында 30 елді-мекенге шағын футбол алаңдары мен ойын алаңдарына жобалық сметалық құжаттама жасақталуда. |
20 маусымға ұсыныс |
Облыс әкімінің орынбасарлары Н.Таушов, Қ.Бекенов, Құрманғазы ауданының әкімі (жиын), Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, Құрылыс, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары |
|
6. |
4.1. Бірлік, Көптоғай ауылдарына 300 орындық мәдениет үйлерінің құрылыстары үшін қаржы көзін қарастырсын. |
Бірлік, Көптоғай ауылдарына 300 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қортындысы алынды. Жобалаушы мекеме «Көркем KZ» ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін Атырау облыстық құрылыс басқармасына 2022 жылдың 14 ақпанында бюджеттік өтінім жолданып, нәтижесінде облыс тарапынан 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлу жоспарлануда. |
20 маусымға ұсыныс
|
Облыс әкімінің орынбасарлары Н.Таушов, Қ.Бекенов, Құрманғазы ауданының әкімі, Құрылыс, Экономика және бюджеттік жоспарлау (жиын), Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармалары |
|
7. |
4.2. Дыңғызыл, Шортанбай, Көптоғай ауылдарына жағалауды бекіту бөгеттерін салу үшін қаражаттың бөлінуін қарастырсын. |
Дыңғызыл, Шортанбай, Көптоғай ауылдарына жағалауды бекіту бөгеттерін салу үшін жобалау сметалық құжаттама жасақталды. Жобалаушы мекеме «КазГидро» ЖШС. Қазіргі таңда сараптамадан өткізілуде. |
20 маусымға ұсыныс |
Облыс әкімінің орынбасарлары Н.Таушов, Қ.Бекенов, Құрманғазы ауданының әкімі, Құрылыс, Экономика және бюджеттік жоспарлау (жиын), Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармалары |
|
8. |
5.1. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау іс-шараларын пысықтап қарастырып, аудандағы тауық шаруашылығымен айналысушы кооперативті сауықтыру, құрал-жабдық-техникасын субсидиялау және біріккен кәсіпорын ретінде қызметін жалғастыруы бойынша мәселелерді қарастырып, баяндасын, нақты ұсыныс енгізілсін. |
«Бұйырғын» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 2018 жылы мамыр айында құрылды. Негізгі мақсаты: етті бағыттағы құс өсіру, сою, шыққан өнімді сауда нарығына шығару. Үкімет тарапынан алынған субсидиялар және несиелер заңдылықтарға сәйкес кері қайтарылуына байланысты, қазіргі уақытта «Бұйырғын» кооперативі банкрот болып жарияланды. Кооператив жұмысын жандандыру бойынша аудан әкімі атынан облыс әкімінің бірінші орынбасары С.К.Айдарбековке 21.02.2022 жылы №06-07-01-01/473 санды хаты, облыс әкімі орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаевқа, сонымен қатар ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Н.Ж.Ожаевқа ұсынымдар жолданды. Алайда күні бүгінге дейін бұл мәселе шешімін тапқан жоқ. Сонымен қатар, кооперативтің жұмысын жандандыру бойынша алған несиелерінің қайтарымдарын артқа шегеру, «Атырау ӘКК» АҚ арқылы біріккен мекеме құруға облыстық ауыл шаруашылық басқармасына ұсыным жолданды. |
20 маусымға ұсыныс |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаев, Ауыл шаруашылығы басқармасы (жиын), Құрманғазы ауданының әкімі |
|
9. |
5.2. Ауданда салынған мал моласы нысандарын пайдалану, Азғыр өңіріндегі ветеринариялық лабораторияны қайта ашу мәселелеріне қатысты зерделеу жүргізіп, тиісті жұмыстарды ұйымдастырсын |
Құрманғазы ауданындағы 19 ауылдық округке биотермиялық шұңқырлардың құрылысы жүргізіліп, 2017 жылы құрылысы аяқталып қабылданды. Облыс әкімдігінің қаулысы сәйкес, Атырау облысы Құрманғазы ауданының коммуналдық меншігінен «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Құрманғазы аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілді. Облыс әкімі С.Ж.Шәпкеновтің 2022 жылдың 9-10 қыркүйек күндері Құрманғазы ауданына іссапары барысында Азғыр өңіріндегі ветеринариялық лабораториясы іске берілді. |
20 маусымға ұсыныс |
орынбасары Қ.Нұрлыбаев, Ауыл шаруашылығы басқармасы (жиын), Құрманғазы ауданының әкімі |
|
10. |
6.1. Мектеп оқушыларын тамақтандыру мәселесіне қатысты түрлі кездесулерде азаматтар тарапынан көтерілген проблемаларды талдап, ұсыныс енгізсін.
|
Қазіргі таңда мектептерде, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде бір мәрте тамақтандыру нормаларына сәйкес апталық ас мәзірі бекітіліп, оқушыларға тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Мектептерге тамақтандыруға қосымша 65 млн тг қаржы бөлінді. (себебі: күніне бір мәрте тамақтану ақысы 300 теңгеден 450 теңгеге өсті). |
20 маусымға ұсыныс |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Айдарбеков, Білім беру басқармасы (жиын): |
|
11. |
6.2. Құрманғазы ауданындағы басшысы жоқ мектептер мәселесін қарастырсын, мектептердің жаңа оқу жылына дайын болуын қамтамасыз етсін.
|
Құрманғазы ауданы бойынша 2022 жылдың басында 10 мектеп және 5 балабақша басшы лауазымы бос орын болуы себепті, міндетін атқарушалармен жұмыс жасап келді. 2022 жылғы наурыз айында 3 мектеп директоры, сәуір айында 1 балабақша меңгерушісі конкурстық негізде тұрақты қызметке тағайындалды. Қазіргі таңда аудан бойынша 8 мектеп және 5 балабақша басшы лауазымы бос тұр. Конкурсқа түсуге ниет білдірген кандидаттар заңнаманы, басқарушылық құзыреттерді, педагогика және психология негіздерін білуге арналған біліктілік тестілеуіненің шекті балының жоғарылауына байланысты (70 пайыз) тестіден өте алмауда. |
1 тамызға ақпарат |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Айдарбеков, Білім беру басқармасы (жиын): |
|
12. |
7.«Атырау-Құрманғазы» бағытына қатынайтын пойыз қызметін тұтынушы жолаушылардың көптігін ескере отырып, демалыс, мереке күндерінде пойыз вагондарының санын көбейту мүмкіндігін қарастырсын, сатылымда билеттердің болу мәселесін жүйелесін. |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс хат жолданып, ағымдағы жылдың тамыз айында қосымша тағы 2 вагон қосылды. |
20 шілдеге ұсыныс |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Бекенов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жиын), Құрманғазы ауданының әкімі |
Облыс әкімі С.Шәпкеновтің
Құрманғазы ауданының Байда және Құрманғазы ауылдық округтері тұрғындарымен
кездесулері барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Сұрақ қоюшы |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындау нысаны |
Орындау мерзімі |
Орындалу барысы |
|
Құрманғазы ауданы |
|||||
|
Байда ауылдық округі |
|||||
|
1. |
Исмагулов Якуб – Байда ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы |
1) Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебіне жаңа ғимарат салу мәселесін қарастыру; 2) Котяев ауылына өрт сөндіру бекетін салу; 3) Тоған шаруашылығын жандандыру. |
Мәселелерді зерделеп, ұсыныс енгізу |
2022 жылғы 1 тамызға ақпарат |
1. Құрманғазы ауданы Байда ауылынан жаңа типті жобада 600 орындық мектеп құрылысын салу жөнінде Атырау облыстық Білім беру басқармасына 04.04.2022 жылғы №06-07-29-1-2/2826, 31.05.2022 жылғы №06-07-29-1-2/462 хатпен ұсыныс жолданды. Құрманғазы ауданын 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. 2. Бөкейхан (Котяев – ескі атауы) ауылына өрт сөндіру бекетінің құрылысына ЖСҚ жасақтау және құрылысын салу Құрманғазы ауданының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. ЖСҚ жасақтау 2024 жылға, құрылысын салу 2026-2027 жылдарға жоспарланған. Қазіргі уақытта жақын орналасқан Сафон ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті құрылған. Сафон, Бірлік, Кудряшов, Байда ауылдық округтеріндегі елді-мекендерде табиғи техногендік, өрт сөндіру жұмыстарын жүзеге асырады. 3.Тоған шаруашылығын салу бойынша 3 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Олардың жалпы құны 3 млрд. 950 млн. теңге, оның ішінде: 608 млн.теңгесі шаруашылықтар өз қаражаттары есебінен, 3 млрд. 342 млн. теңгесі қаржы институттары арқылы тартылмақшы. Атап айтқанда: 1. "Каспий- Балық" ӨК-і, Жоба құны 350 млн тенге, Бірлік ауылдық округіне қарасты Қызыл- оба, Колпинный жер учаскелерінен 3 га жерге тоған шаруашылығын ұйымдастыру. Жері дайын. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2. «Амангелді атындағы» ӨК, Жобаның жалпы құны 3,5 млрд тенгені құрайды. Көптогай а/о жерінен Тауарлы балық өсіруге арналған аквакультура орталығының жұмысын ұйымдастыру, 580 гектар жер телімі берілді. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Абдулов Б» шаруа қожалығы. Жобаның жалпы құны 250 млн тенгені құрайды. Шортанбай ауылдық округі, Бахарск-сад уч. ШҚ жерінен 2 га жерге тоған шаруашылығын ұйымдастыру. Жері дайын. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. |
|
2. |
Ертаев Еламан - Байда ауылдық округінің тұрғыны, ардагер |
Ауылішілік су желісі құрылысын аяқтау. |
Су желісі құрылысын аяқтау |
2022 жылғы 1 тамызға ақпарат |
Котяевка ауылындағы су желісінің ұзындығы 28 км, мердігер мекеме «Болат Д» ЖШС. Жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары қазіргі уақытта тоқтап тұр. (Жобада ауылішілік асфальт жолдарының көрсетілмеуі және құрылыс материалдарының қымбаттауына сәйкес жобаға түзетулер енгізілуде) |
|
3. |
Исаев Бақтыгерей – Дыңғызыл ауылдық округінің тұрғыны, ардагер |
1) Дыңғызыл ауылдық округіне жабық спорт кешенін салу; 2) Дыңғызыл ауылдық округіндегі және оған қарасты елді мекендердің электр желілерін және бағаналарын жаңарту; 3) Жыланды ауылына ауылішілік тас жол салу. |
Мәселелерді зерделеп, ұсыныс енгізу |
2022-2023 жылдар |
1. Дыңғызыл ауылдық округіне жабық спорт кешенін салуға ЖСҚ жасақтау және құрылысын салу Құрманғазы ауданының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. ЖСҚ жасақтау 2024 жылға, құрылысын салу 2025-2026 жылдарға қарастырылған. 2. Дыңғызыл ауылдық округі бойынша электр желілерінің ұзындығы 19950 метр, 524 дана электр бағаналары бар. Электр желілері мен бағаналары ескірген. Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 10.06.2022 жылы №06-07-01-03/1638 санды хатымен 2811,00 мың теңге қаржы көлеміне бюджеттік өтінім жолданды. Қаржы көзі қарастырылуда. 3. «Жыланды ауылының ауылішілік жолдарын тротуарымен қоса қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ жасақталуда (10 км, 6 км) Мердігер мекеме «ЛМ Транспроект» ЖШС. Жоба құны 7,5 млн. теңге. ЖСҚ жасақталып, қазіргі таңда құжаттар мемлекеттік сараптамаға жолдануда.
|
|
Құрманғазы ауылдық округі |
|||||
|
4. |
Кенжебаев Біржан – аудандық Мәслихат депутаты |
1) Құрманғазы ауылына тартылатын кәріз жүйелерінің ЖСҚ-сын қайта қарастырып, өзгеріс енгізу; 2) Елді мекендерді сумен қамтудағы проблемаларды шешу; 3) Аудан бойынша салынған мал молаларын теңгерімге қабылдау мәселесін аяқтау. |
Мәселелерді зерделеп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру |
2022 жылғы 1 тамызға ақпарат |
1. Облыстық құрылыс басқармасы арқылы Құрманғазы ауылына тартылатын кәріз жүйелерінің ЖСҚ жасақталуда. Мердігер мекеме «Эдемстрой» ЖШС. Жобаға өзгеріс енгізу жөнінде облыстық құрылыс басқармасына ұсыныс берілді. 2. Аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамтып тұрған 24 су тазарту иммараттары қалыпты деңгейде жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта СТИ-ның су сүзгілері және басқа да қосалқы бөлшектері тозуына байланысты ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022-2023 жылдарға арналған күзгі-қысқы маусымына дайындық шараларының аясында 441,3 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурстарына сәйкес, мердігерлер анықталып, жұмыстар жүргізілуде. 3. Құрманғазы ауданындағы 19 ауылдық округке биотермиялық шұңқырлардың құрылысы жүргізіліп, 2017 жылы құрылысы аяқталып қабылданды. Облыс әкімдігінің қаулысы сәйкес, Атырау облысы Құрманғазы ауданының коммуналдық меншігінен «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының Құрманғазы аудандық ветеринариялық стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілді. |
|
5. |
Жармұхамбетов Қадірбай – Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны |
«Магистралды су ағызғысы» ЖШС желісіне қосылу жұмыстарының құрылысын шұғыл аяқтап, лимит мәселесін шешу; Құрманғазы ауылдық округі бойынша қоқыс алаңдарына жер телімін бөлу. |
Мәселені зерделеп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру |
2022 жылғы 1 тамызға ақпарат |
1. «Астрахань-Маңғышылақ» су өткізгішінен Құрманғазы ауданы Ганюшкин СТҚ-ға су құбыры желісін салу жұмыстары бойынша құрылысы 2021 жылы аяқталды. Мердігер-«Гранд-Мастер» ЖШС. Аталған су желісіне Құрманғазы, Жұмекен, Орлы, Кадырка елді мекендері қосылып, сумен қамтылатын болады. Қазіргі уақытта, лимит мәселесін шешу қарастырылуда. Құрманғазы ауылдық округі бойынша қоқыс алаңдарына аудан әкімдігінің 2021 жылғы 2 қарашадағы №300 қаулысымен 13,65 га Құрманғазы ауылының шығыс жақ бетінен (РТС ауылы) жер телімі бөлініп, қазіргі уақытта құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. |
|
6. |
Зайнеденов Бекболат- Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны |
Қиғаш, Шарон өзендеріне жүргізіліп жатқан түптереңдету жұмыстарының сапасын қадағалау |
Уақытылы, сапалы аяқтау |
2022 жылғы 1 тамызға ақпарат |
Қиғаш, Шарон өзенінің су көлемін ұлғайту және гидрологиялық режимін жақсарту мақсатында «Павлодар өзен порты» ЖШС түптереңдету жұмыстарын жүргізуде. Жоба құны 5 421,6 млрд. теңге. Түптереңдету жұмыстарының сапасын бақылау үшін облыстық құрылыс басқармасы жанынан комиссия құрылып қадағалауда. |
|
7. |
Жадығұлов Ұзақбай- Теңіз ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер |
Приморье ауылындағы Юрий Гагарин атындағы мектепті ақын, жазушы Рахымжан Отарбаев есімімен қайта атау мәселесі |
Ұсыныс енгізу |
2022 жылғы 1 тамызға ақпарат |
Приморье ауылындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектепке жазушы Рахымжан Отарбаев есімін беру жөнінде құжаттар облыстық ономастикалық комиссиясына ұсынылды. Әрі қарай облыс тарапынан, республикалық ономастикалық комиссиясына жолданып, қорытындысымен шешім қабылданады. |