Атырау қаласының Атырау және Еркінқала ауылдық округтері тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Сұрақ қоюшы |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындау нысаны |
Орындау мерзімі |
Жауапты |
|
Атырау қаласы |
|||||
|
Атырау ауылдық округі |
|||||
|
1. |
Хасангалиева Лязат Жаңаталап ауылы тұрғыны
|
Жаңаталап ауылындағы 300 орындық мектеп-интернатының құрылысын аяқтау Орындалысы. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 80 % ға аяқталып тұр. Сыртқы жұмыстары, яғни абаттандыру, асфальт жол құрылысы салынуда. Тапсырма орындалуда. |
Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру |
Жоспарға сәйкес
|
Бекенов Қ.Ә. – облыс әкімінің орынбасары, Құрылыс басқармасы (жиын)
|
|
2. |
Дүйсенов Нәрік Қызыл балық ауылы тұрғыны, зейнеткер. |
Қызыл балық ауылына бала бақша және өрт сөндіру пунктін ашу Орындалысы. Өрт сөндіру пунктінің жер учаскесі дайын, рәсімделген, құрылыс басқармасымен ЖСҚ жасақтауға тапсырыс беруге дайындалуда. Тапсырма орындалуда. |
Ұсыныс енгізіп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру |
2022-2023 жылдары |
Бекенов Қ.Ә. – облыс әкімінің орынбасары Экономика және бюджетті жоспарлау, Құрылыс (жиын), басқармалары, Атырау қаласының әкімі |
|
3. |
Бекетов Тілепберген Жаңаталап ауылы тұрғыны
|
1) Жайық өзенінің түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу; 2) Атырау-Астрахань жолының құрылысын аяқтау. Орындалысы. 1. Облыстық құрылыс басқармасы тапсырысы бойынша жобаланған суару жүйесін терендету жұмыстары «Павлодар Речной порт» мекемесімен ағымдағы жылдың 27 шілдесінен бастап жүргізілуде. Қазіргі уақытта каналдың 16 км арнасы бойы қазылды, жалпы соммасы 5 594 550 мың тг., ұзындығы 52 шақырым (зарослый 26 км 18 метр) аяқталу уақыты 2023 жыл 2 жартыжылдық (маусым). 2. Ұзындығы 277 шақырым «Атырау-Астрахань РФ шекарасы» учаскесі (616-893 учаскесі). 2019 жылы Ресей Федерациясы шекарасынан Ганюшкино кентіне дейін ұзындығы 60 шақырым бірінші учаскесін қайта жаңғырту басталды, оның 20 шақырымы 2020 жылы аяқталып, қалған 40 шақырымы 2021 жылы пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда 217 шақырымна қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, жолдың 151 шақырымына жер жұмыстары жасақталған және жасанды құрылым жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жолдың 80 шақырымының төменгі қабатымен қозғалыс ашылған. Жобаны толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған. Тапсырма орындалуда. |
Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру |
2023 жыл |
Бекенов Қ.Ә. – облыс әкімінің орынбасары, Құрылыс, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, басқармалары |
|
4. |
Сунгатов Каким Қызыл балық ауылы тұрғыны
|
Атырау ауылдық округіне жетіспейтін дәрігер мамандарды жұмысқа тарту және оларды баспанамен қамту Орындалысы: Биылғы жылы облысқа 64 маман келіп, жұмысқа орналсты, оның 18 –уі ауылдық елді мекендерде. Сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерден медицина ұйымдары басшылары тарапынан мамандарды шақыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Тапсырма орындалды, бақылаудан түсіру сұралады. |
Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру |
2022-2025 жылдары |
Бекенов Қ.Ә. – облыс әкімінің орынбасары, Денсаулық сақтау басқармасы (жиын) Атырау қаласының әкімі
|
|
5. |
Амантай Казиров Жаңаталап ауылы тұрғыны |
Жедел жәрдем қызметінің жұмысын реттеу Орындалысы: Қазіргі таңда Атырау қаласы бойынша 26 бригада. Қосымша 4 бригада шығарылды (Атырау қаласында 2 бригада) Тапсырма орындалды, бақылаудан түсіру сұралады |
Үнемі бақылауда ұстау |
Үнемі |
Бекенов Қ.Ә. – облыс әкімінің орынбасары, Денсаулық сақтау басқармасы (жиын)
|
|
Еркінқала ауылдық округі |
|||||
|
6. |
Базарбаева Мейрамгүл Еркінқала ауылының тұрғыны |
Еркінқала ауылдық округіне жетіспейтін дәрігер мамандарды жұмысқа тарту Орындалысы: Қазіргі таңда Атырау 26 бригада қала бойынша, 17 бригада аудан бойынша. Қосымша 4 бригада шығарылды (Атырау қаласында 2 бригада, аудандарда 2 бригада) Тапсырма орындалды, бақылаудан түсіру сұралады. |
Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру |
Жыл ішінде |
Бекенов Қ.Ә. – облыс әкімінің орынбасары, Денсаулық сақтау басқармасы (жиын)
|
|
7. |
Сабыртаев Жалғас Еркінқала ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы |
Оқушыларды Еркінқала орта мектебіне автобуспен тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру Орындалысы: Күні бүгінге оқушылар мектептің автобуспен тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылуда. Тапсырма орындалуда. |
Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру |
2022 жылдың құркүйек айы |
Атырау қаласының әкімі, Білім беру басқармасы
|
|
8. |
Тұрғанбаев Асхат Ракуша ауылы тұрғыны |
Ракуша ауылына амбулатория құрылысын салу Орындалысы: Атырау қаласы Балауса ш/а бір аусымда 25 науқас қабылдайтын дәрігерлік амбулатрия құрылысы жоспарлануда. Балауса шағын ауданынан бір аусымда дәрігерлік 25 науқас қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынған жағдайда, бірден Балауса және Ракуша селосының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Ракуша селосындағы ДА ғимараты ескі мектеп ішінде болған. Мектеп 2018 жылы жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін Ракуша селосы дәрігерлік амбулаториясыз қалды. Жаңа ғимарат салатын жер болмады. 2023-2024 жылдың инвестициялық жоба тізіміне енгізіледі деп күтілуде. Тапсырма орындалуда. |
Ұсыныс енгізіп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру |
Жыл ішінде |
Бекенов Қ.Ә. – облыс әкімінің орынбасары, Құрылыс, Денсаулық сақтау басқармалары |