Атырау қаласының Қайыршақты және Дамбы ауылдық округтері, Жылыой ауданының Жаңа Қаратон кенті және Құлсары қаласы тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

Атырау қаласының Қайыршақты және Дамбы ауылдық округтері, Жылыой ауданының Жаңа Қаратон кенті және Құлсары қаласы тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

 

№

  Сұрақ қоюшы

Мәселенің қысқаша

мазмұны

Орындалысы

Орындау мерзімі

Жауапты
орындаушылар

г.Атырау

Дамбы ауылдық округі

1.

Өтеғалиева Светлана - Амангелді ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер

Кәсіпті ұлғайту үшін несие алуға жинақтайтын құжаттарды жеңілдету

Обьективтік жауап берілді. Кәсіпкер С.Өтеғалиева қала әкімі қабылдауында болып,  одан әрі кәсіпкерлік палатасына барып, несие алу, оған жинайтын құжаттар тізбесі туралы  тиісті мамандардан кеңестер алды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен» шағын несиелер қарастырылғаны туралы толық мағлұмат берілді.

Жыл ішінде

 

Айдарбеков С.К. –

облыс әкімінің бірінші орынбасары,

Кәсіпкерлік және туризм басқармасы

(жиын)

2.

Қатапов Жұмабиден - Амангелді ауылының тұрғыны, балықшы 

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына өтіп кеткен жайылымдық жерлерді кері  қайтару

Обьективтік жауап берілді. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңының 7 бабында сәйкес жер кері қайтарылмайды. Қазіргі уақытта Ақжайық резерват аумағынан мал жаюға жағдай жасалған.

2022-2023 жылдары



Нұрлыбаев Қ.Е. –

облыс әкімінің орынбасары,

Жер қатынастары (жиын), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары,

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты (келісім бойынша)

3.

Көпжасаров Сатыбалды - Амангелді ауылының тұрғыны, зейнеткер

Құрылысы жүргізіліп жатырған                           300 орындық  жаңа мектепті лицейге айналдыру

Орындалуда. Дамба ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы нысаны 2018 жылы басталып 2023 жылы тапсырылуы қажет болатын. Экономикалық тергеу департаменті мердігер мекеме «Техника-Рем-Строй» ЖШС-не сот процесі жүргізілуіне байланысты  құрылыс жұмыстары тоқтатылып тұр. Жаңа мектепті пайдалануға берілгеннен кейін ғана статусын өзгерту шарасы қолға алынады.

2022 жылғы мамыр

Айдарбеков С.К. –

облыс әкімінің бірінші орынбасары,

Білім беру басқармасы (жиын),

Атырау қаласының әкімі

 

4.

Меделов Қалиден - Амангелді ауылы тұрғыны, балықшы

Жайық өзенінің түбін тереңдету жұмыстарын жалғастыру, өзендегі балық санын көбейту мәселесін қарау

Орындалуда. Облыстық құрылыс басқармасы тапсырысы бойынша жобаланған суару жүйесін терендету жұмыстары «Павлодар Речной порт» мекемесімен  ағымдағы жылдың  27 шілдесінен бастап жүргізілуде.     Қазіргі уақытта каналдың 16  км арнасы  бойы қазылды.

2022-2025 жылдары

Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Айдарбеков С.К. –

облыс әкімінің бірінші орынбасары,

Нұрлыбаев Қ.Е. –

облыс әкімінің орынбасары,

Құрылыс (жиын), Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу және Балық шаруашылығы басқармалары,

Атырау қаласының әкімі

5.

Нысанғалиев Мұхамбетәлі - Амангелді ауылы тұрғыны, балықшы

Бұрынғы облыс әкімінің балық аулауға қатысты шығарған кейбір құжаттарын   кері қарау, оның ішінде қайықты белгілі бір орынға қою, балық аулау қашықтығын азайту мәселелері

Орындалды. Атырау қаласы бойынша суда жүзу құралдарына кемежай салу үшін жер телімі берілді. Қазіргі уақытта кемелер тұрағы салынды, жер телімін қоршап, айлақты күзетпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Амангелді атындағы» ЖШС  ұйымдастырып отыр.

 

2022 жылғы мамыр

Нұрлыбаев Қ.Е. –

облыс әкімінің орынбасары,

Балық шаруашылығы басқармасы

(жиын)

6.

Салахова Қазима - Амангелді ауылының тұрғыны,  зейнеткер

Амангелді ауылындағы бұралқы иттер мен мысықтарды жою мәселесі

 Орындалды. Қала әкімдігімен 7 ауылдық округтерге қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары үшін 31 млн 633 мын теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, ауылдық округтерде ит аулау жұмыстары басталды.

      Дамбы ауылдық округінде қаңғыбас жануарларды аулау үшін «Доброе сердце» мекемесімен келісім шарт жасалып, жұмыстар басталды. Округ бойынша 2022 жылы 238 ит аулау жоспарланған.

Жыл ішінде

Нұрлыбаев Қ.Е. –

облыс әкімінің орынбасары,

Ауыл шаруашылығы басқармасы (жиын),

Атырау қаласының әкімі

 

 

 

Қайыршақты ауылдық округі

7.

Мұхтаров Бағытжан - «Құрылыс» бағбандық қоғамының тұрғыны

Бағбандық қоғамға жол салу және үйлердің нысаналы мақсатын тұрғын үйге өзгерту мәселесі қолданыстағы заңдылықтарға өзгеріс енгізу

Орындалуда. Атырау қаласы мен қалаға қарасты ауылдық округтерде барлығы 45 бағбандық қоғамдастықтар орналасқан. Осы бағбандық қоғамдастықтардан 31-ін 6 аумаққа бөліп,

егжей-текжейлі жоспарлау жобаларын (ПДП)

жасақтауға тапсырыс берілді. Жобалаушы

мекеме «АТС Град» ЖШС.

              Қазіргі уақытта аумақты топографиялық түсірілім жұмыстары аяқталып, жобалау жұмыстары жүргізілуде.

            2023 жылдың қаңтар айында Геолог шағын ауданы және Атырау ауылдық округінде орналсқан бағбандық қоғамдарға егжей-тегжейлі жоспар жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткізілетін болады.

Жыл ішінде

Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары, Сәулет және қала құрылысы, Құрылыс, Жер қатынастары басқармалары

Атырау қаласының әкімі (жиын)

Жылыой ауданы

Жаңа Қаратон кенті

8.

Әділов Мақсот –                    Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

 

Жаңа Қаратон кентіне көше жарығын жүргізу

Орындалуда. Көше жарығы бойынша жалпы ұзындығы 7,2 км. құрайтын 13 көшеге көше жарығын жүргізуге қаражат бөлінді. Мердігер мекеме «ЭЛКОМ» ЖШС-гі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда бағаналары орнатылды. Аталған мекеме  тарапынан 3 КТПН, сым өзегін және 244 дана көше лампаларын қондыру күтілуде..

 

2022 жылғы маусым

Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық (жиын), Экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

Жылыой ауданының әкімі

 

9.

Кентішілік асфальт жолдарын салу

Орындалды. Мердігер мекеме «Казкомкервис» ЖШС-гі кентішілік 33,4 км құрайтын 112 көшенің асфальт жолдарын салу  жұмыстарын аяқтады.

2022 жылғы маусым

Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

Жылыой ауданының әкімі (жиын)

Құлсары қаласы

10.

Есенғожин Асман - Құлсары қаласының тұрғыны

«Атырау» ықшам ауданына балабақша, мектеп салу

 

Орындалуда. Жылыой ауданының 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарына әйкес Құлсары қаласы «Атырау» ықшам ауданына 1200 орындық мектеп және 320 орындық бала-бақша құрылыстарына 2022-2023 жылдары ЖСҚ жасақтау енгізілді. ЖСҚ жасақталғаннан кейін сәйкесінше құрылыс жұмыстарына қаражат сұратылатын болады.

2022 жылғы маусым



Таушов Н.Б. –

облыс әкімінің орынбасары,

Құрылыс (жиын),  Білім беру, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

Жылыой ауданының әкімі

11.

Еңсепов Амангелді -аудандық мүгедектер Қоғамының төрағасы

Мәмбетова Сәуле – аудандық мәслихат депутаты

 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығын салу

Орындалуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығын салу «Жылыой ауданының 2021-2026 жылдары даму жоспарына» енгізілді. Қазіргі таңда жер учаскесінің құжаттары рәсімделуде. Аталған құжаттар рәсімделгеннен кейін облыстық құрылыс басқармасына ЖСҚ жасақтауға ұсыныс берілетін болады.

2022-2023 жылдары



Айдарбеков С.К. –

облыс әкімінің бірінші орынбасары,

Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Құрылыс, Жұмыспен қамтуды ұйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар (жиын), Экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

Жылыой ауданының әкімі

12.

Жұмағалиев Әділ - Құлсары қаласының тұрғыны

Бимырзаев Қанат - Құлсары қаласының тұрғыны

 

«Экотехникс» ЖШС  мекемесінің экологияға келтіріп отырған Құлсары қаласынан 7 шақырымда орналасқан мұнай қалдықтарын жою

Обьективтік жауап берілді. Атырау облысы бойынша экология департаментінің  тексеру барысында «ЭкоТехникс» ЖШС алаңының ауа сапасына өлшем жүргізу барысында зиянды заттардың концентрациясы шекті рауалы концентрациядан аспайтындығы анықталды. Тексеру барысына қоғам белсенділері араласты. Қазіргі таңда Көшіру мүмкіншілігі жоқ.

2022 жылғы   маусым

Айдарбеков С.К. –

облыс әкімінің бірінші орынбасары,

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (жиын),                  Атырау облысы Экология департаменті (келісім бойынша),

Жылыой ауданының әкімі

13.

Ідірісқызы Гүлмира -  Құлсары қаласының тұрғыны

 

Құлсары қаласындағы тозығы жеткен                    9 ауылдағы апаттық үйлерді бұзу мәселесі

Орындалуда. Аталған апаттық  тұрғын үйдің 8 пәтерінің тұрғынына өтем ақы толықтай төленді. Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан жаңа үй сатып алу жұмыстары жүргізілуде..

2022-2023 жылдары

Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Құрылыс, 

Экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

 Жылыой ауданының әкімі (жиын)

14.

Қонарова Сауле - Құлсары қаласының тұрғыны, мұғалім

Әнешова Рысбике - Құлсары қаласының тұрғыны

Мүгедек баласы бар, көп балалы ана. Тұрғын үй мәселесі

 

Жалғыз басты ана, 2 топ мүгедегі.                   Тұрғын үй мәселесі

 

Обьективтік жауап берілді. Қонарова Сауле - тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны – 2269.

Әнешов Рысбике - мүгедек бала асыраушы ретінде, қазіргі уақытта №21 болып үй кезегінде тұр. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабының 1 тармағына сәйкес, өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен берілетін болады.

2022-2023 жылдары

Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Жылыой ауданының әкімі (жиын), Құрылыс, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары

15.

Инстаграм желісіне - түскен сұрақ.

Құлсары қаласының тұрғыны (Llggl777)

Құлсары қаласындағы 4 ауыл № 179 көшедегі автокөлік жолын салу

Орындалуда. Құлсары қаласы 4 ауыл №179 көше «Қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 3-кезең» жобалық сметалық құжаттама тізіміне еңгізілген. Жобалаушы мекемемен жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып,  мемлекеттік сараптамадан өтті.  Құрылыс жұмыстары   бөлінген қаражат көлеміне қарай басталатын болады.

2022 жылғы тамыз



Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары,

 Экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

Жылыой ауданының әкімі (жиын)

16.

Саламат Сенболат - Құлсары қаласының тұрғыны

Құлсары қаласындағы 3 ықшам ауданына,  Азаматтарға арналған үкімет филиалына және базарға автокөлік жолдарын салу

Орындалды. Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарына ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Халыққа қызмет кызмет көрсету орталығының алдындағы жолмен базар маңындағы жол қамтылды.  

2022 жылғы тамыз



Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

Жылыой ауданының әкімі (жиын)

17.

Ғайнешев Жақсылық - Құлсары қаласының тұрғыны

Б.Қызылбасов көшесіне автокөлік жолын салу

Орындалуда. Б.Қызылбасов көшесі «Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 4-кезең» жобалық жұмыстар тізіміне еңгізілген. Құрылыс жұмыстары қаланың даму жоспарына сай 2024-205 жылы жүзеге асырылады.

2022 жылғы тамыз

 

Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

Жылыой ауданының әкімі (жиын)

18.

Инстаграм желісіне - түскен сұрақ.

Құлсары қаласының тұрғыны (mailashovbakitbek)

«Болашақ» ықшам ауданына газ тарту,  жол салу

Орындалуда. Құлсары қаласы «Болашақ» ықшам ауданына газ желісін тарту жұмыстарына жобалаушы мердігер «Газсервис» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік экспертизаға жолданды. 

      Сонымен қатар «Болашақ» ы/а жалпы ұзындығы 68 шақырым автокөлік жолы тротуармен бірге салу жобасы 2019 жылы жасақталып, қазіргі уақытта жобаның қолданыс мерзімі өтуіне орай, жобаға түзетулер еңгізу жұмыстары жүргізілуде.

2022-2023 жылдары

Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

Жылыой ауданының әкімі

(жиын)

19.

Бимырзаев Қанат - Құлсары қаласының тұрғыны

Жем өзенінің тартылуы

 

Орындалды. Аудан көлемінде соңғы 4-5 жыл ішінде Жем өзенінің суы тасуы өте аз мөлшерде болды. Аудан бойынша мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізді. Биыл 2022 жылы Жем өзенінің су көлемі мол болды, сондықтан су тапшылығы болмайды деп күтілуде.       

2022-2023 жылдары

Айдарбеков С.К. –

облыс әкімінің бірінші орынбасары,

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (жиын),                  Атырау облысы Экология департаменті (келісім бойынша),

Жылыой ауданының әкімі

20.

Турабаев Тыныштық - Құлсары қаласының тұрғыны

 

 

Орындалуда. Жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сатып алуға ашық конкурсқа берілген болатын. Алайда тексеріс нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталып, жұмыстар тоқтатылған. Қазіргі таңда қайтадан демеушілікпен жобалық сметалық құжаттама жасақталып,  қантар айында аяқталады деп жоспарлануда. ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттама-проектно сметная документация)   аяқталғаннан кейін сараптамаға жолданады.

Жыл ішінде

Бекенов Қ.Ә. –

облыс әкімінің орынбасары,

Білім беру (жиын), Экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары,

Жылыой ауданының әкімі

 

Дата публикации
04 января 2023