Облыс әкімінің Мақат ауданы тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы
|
№ |
Сұрақ қоюшы |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындалысы |
|
1. |
Байниязов Нұрадин Құбашұлы Доссор кенті тұрғыны, зейнеткер
|
Доссор кентінде 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жандандыру
|
Доссор кентінен 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына (сыртқы инженерлік желілерсіз) жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптама қорытындысы шықты. Жобалаушы мекеме «Атырау Эксперт Проект» ЖШС-гі. Аталған тұрғын үйді «NCOC» компаниясының демеушілігімен салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта аталған мекемемен тендерлік рәсімдер жүргізілуде. |
|
2. |
Мақат ауданынан инвестициялық жобалар арқылы ашылатын зауыттарға («GPS Investment» ЖШС, желмен қуатталатын электр энергиясы зауыты) аудан жастарын жұмыспен қамту |
Жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрайды. Жалпы қазіргі уақытта аудан бойынша жұмыссыздықпен тіркеуде тұрғандар саны – 557 адам. 2022 жылдың 13 мамырында аудан көлемінде орналасқан ірі мекемелер басшыларының қатысуымен еңбек заңнамаларының сақталуы бойынша жиын өткізілді. Аталған жиында мекеме басшыларына ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 28-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, бос орындардың бар екендігі туралы мәліметтер пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жiберілуін қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді. Сондай ақ, 2022 жылдың 30 қарашасында Ескене елді мекеніндегі газ өңдеу зауытының құрылысын жүргізуші мердігер мекеме «КазСтройСервис» ЖШС-ның өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Қазіргі уақытта аталған мекеме тарапынан 42 бос жұмыс орындары бойынша ақпарат ұсынылды. |
|
|
3. |
Қадырбеков Қайрат - Доссор кентінің тұрғыны |
Доссор кентіндегі бұралқы иттерді жою мәселесі |
2022 жылы «Аудандық ветеринарлық станса» КМК мекемесімен 299 бас бұралқы ит ауланып жойылды. Оган қосымша демеушілер көмегімен 100 бас ит жойылды. Алдағы 2023 жылға қажетті қаражат көздері қарастырылды. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. |
|
4. |
Шайкунов Марат - Доссор кентінің тұрғыны, зейнеткер
|
Доссор кентіндегі Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінен футбол стадионын және денешынықтыру сауықтыру кешенін салу |
Доссор кентіндегі Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің аймағына волейбол, баскетбол, жарыс алаңдарымен қоса 1000 орындық ашық футбол стадионы бар дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысын салу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. |
|
5. |
Ещанов Асылбек - Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің тілшісі |
Доссор кентіндегі Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебіне жаңа ғимаратын салу |
Доссор кентіндегі Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебіне жаңа немесе жапсарлас ғимарат салуды қажет етпейді. Мектепке қажетті қосымша бөлмелер Доссор кентінің өзге мектептерінің базасында бөлініп, ұйымдастырылуда. |
|
6. |
Халенов Сәбит Сүлейменұлы - Мақат кентінің тұрғыны, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
|
Мақат және Доссор кенттеріне бейнекамералар орнату |
Мақат ауданы елді-мекендерінің көшелеріне аудандық полиция бөлімінің ұсынысына сәйкес 532 бейнебақылау камераларын (Мақат кенті-300, Доссор кенті-200, Байгетөбе ауылдық округі-32) қоюға жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған. Конкурс қорытындысымен жеңімпаз болып «Сала» ЖШС анықталды. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама жасақтау жұмыстары жүргізілуде. |
|
7. |
Мақат және Доссор кенттеріндегі вокзал перрондарын күрделі жөндеуден өткізу |
Мақат ауданы, Мақат кенті вокзал перронын мемлекеттік сатып алу туралы 14.07.202 жылғы №24 келісім-шартына сәйкес мердігер «ДОС-7» ЖШС-і болып анықталды. Ағымдағы жылы перрон аумағындағы әкімшілік ғимарат салынып, инженерлік инфрақұрылым жүйелерін (кәріз, су, газ, тоқ) тартылды. Сонымен қатар, «Доссор кенті вокзал перронын күрделі жөндеу» жобасы бойынша «ТАИР» ЖШС-мен 20.06.2022 жылы мемлекеттік сатып алу шарты жасақталды. Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау туралы KZ01REA00291366 санды хабарламаға сәйкес құрылыс жұмыстары 19.08.-19.11.2022 жылы аралығында аяқталу көзделген. Мердігер «ТАИР» ЖШС-не құрылыс монтаж жұмыстарын тез арада бастау туралы бірнеше рет қатынас хат жолданған болатын. Қазіргі таңда мердігер «ТАИР» ЖШС жасақталған келісім-шарт бұзылып, «ТАИР» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы а.ж. 17 қарашасында талап арыз жолданды. Алдын ала сот отырысы 2023 жылдың 6 қаңтарына тағайындалған. |
|
|
8. |
Жоламанов Ерғазы Оспанұлы - Бәйгетөбе ауылының тұрғыны, қоғамдық кеңес төрағасы
|
Мақат кентіндегі сиымдылығы 2000 текше метрлік 4 су қазандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Мақат ауданы бойынша ауыз сумен қамтумен «Атырау Облысы Су Арнасы» коммуналдық мекемесі айналысады. Аудан бойынша 243,2 шақырым су құбыры (Мақат кентінде 120,7 шақырым, Доссор кентінде 122,5 шақырым) бар. 4 дана су айдау стансасы (Доссорда – 1, Ескенеде – 1, Мақатта - 2) 8 дана су қазандары Мақат кентінде – 2000 текше метрлік 4 дана су қазан, 3000 текше метр 2 дана су қазан және Доссор кентінде 5000 текше метр 2 дана су қазан, Ескене елді мекенінде 5000 шаршы метрден 2 қазан арқылы тұрғындар сумен қамтылуда. Мақат кентіндегі сыйымдылығы 2000 текше метрлік 4 су қазандарына күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан ЖСҚ жасақтауға қаражатқа сұраныс берілді. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржыландыру алдағы жылы қаралатын болады. |
|
9. |
Батырханов Наурызбек - Мақат кентінің тұрғыны, жұмыссыз |
Мақат кентіндегі Болашақ ықшам ауданындағы аллея құрылысын аяқтау |
Мақат кентіндегі «Болашақ аллеясының» құрылысы 2017 жылы басталып, жоба мерзімі өтіп кетуіне байланысты жұмыстар толық аяқталмады. Осы жылы қайта ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті. Жобалаушы мекеме – «ЭлегантДезайнСалюшнс» ЖШС. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржыландыру алдағы жылы қаралатын болады. |
|
10. |
Баймұратова Клара - Бәйгетөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер |
Бәйгетөбе ауылынан 70 орындық балабақша салу |
Бәйгетөбе ауылдық округі Бәйгетөбе ауылындағы мектеп жасына дейінгі балалар Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде тәрбиеленуде. Бәйгетөбе ауылы тұрғындары санының аз болуына байланысты жеке балабақша салуға қажеттілігі жоқ. |
|
11. |
Аудандық ауруханада кадр тапшылығы мәселесін жою |
Доссор кентіндегі ауруханаға 1 инфекционист, 1 психиатор-нарколог, 1 лор дәрігерге қажеттілік туындап отыр. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, Мақат аудандық ауруханасының 1 инфекционист,1 психиатор-нарколог, 1 лор дәрігерлері Доссор селолық ауруханасында аптасына 2 рет қабылдау сағаттары ұйымдастырылып отыр. |
|
|
12. |
Мақат ауданындағы санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету үшін арнайы техникалар сатып алу |
Мақат ауданы әкімдігімен Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына 2022 жылғы 9 қарашадағы № 06-08-08-01-2/2882 хатымен қажетті арнайы техника (Вакумнная машина КО 505А 2-дана, Экскаватор-Погрузчик 1-дана, Мусоровоз на базе КАМАЗ КО-440-17 2-дана, УАЗ Фермер - 39094 2-дана, Вакуумно-подметальная машина CEKSAN VKV-4000 на шасси автомобилья JAK N120 1-дана) сатып алуға бюджеттік өтінім жолданды. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржыландыру алдағы жылы қаралатын болады. |
|
|
13. |
Баймұратова Алмагүл - Бәйгетөбе ауылының тұрғыны |
Жоғарғы оқу орындарында облыс әкімінің грантымен білім алып жатырған студенттерге шәкірт ақы төлеу |
Жоғарғы оқу орындарында облыс әкімінің грантымен білім алып жатырған студенттерге шәкірт ақы төлеу жоғарғы оқу орнының әкімшілігі тарапынан қаралады. |
|
14. |
Ищанова Тыныштық - Мақат кентінің тұрғыны, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Мақат корпаратив қоры» төрайымы |
Мақат ауданының мүгедектер қоғамына орынжай бөлу мақсатында аудандық желілік ішкі істер бөлімінің бұрынғы ғимаратын ауданның коммуналдық меншігіне беру мәселесі |
Аталған мәселе бойынша қазіргі уақытта Атырау облыстық қаржы басқармасымен облыс әкімінің қаулы жобасы дайындалды. (№113 қаулысы 26.05.2022ж) Аудан әкімдігінің 2022 жыл 17 маусымдағы №114 қаулысымен аталған ғимарат қабылданып, «Мақат кенті әкімі аппараты» ММ теңгеріміне берілді. Қазіргі уақытта «kazyna.kz» порталына аталған ғимаратты сату үшін аукционға шығару жұмыстары жүргізілуде. |
|
15. |
Мақат аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндізгі бөлімшесі ғимаратындағы балаларға арналған жүзу бассейінін жөндеуден өткізу |
Доссор кентіндегі «Қарлығаш» балабақшасы филиалының ғимаратындағы жүзу бассейніне (балаларға арналған) ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары аяқталды. |
|
|
16. |
Атырау қаласынан ем қабылдайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға жол ақысын жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленуін қарастыру |
Мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емдеу күнтізбелік жылда бір реттен артық емес он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі, жеке көмекшілерге санаторий-курортық жолдама қарастырылмаған.Алайда, жергілікті уәкілетті орган шешімімен 2022 жылдың шілде айынан бастап санаториялық курорттық емделуге жіберілген мүгедектігі бар адамның және мүгедектігі бар баланың жеке көмекшісі, яғни еріп жүрушісіне 14 күнге санаториялық курорттық тегін жолдама беру мәселесі шешілді. Ал, санаторий-курорттық емделуге жол жүру шығыстарын төлеу мүгедектің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. |
|
|
17. |
Жаңғабылов Қалам - Мақат кентінің тұрғыны, зейнеткер |
Мақат кентінің ескі Мақат бөлігіндегі жер үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мүмкіндігін қарастыру |
Мақат кентінің ескі Мақат бөлігіндегі жер үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстарын зерделеу барысында экономикалық тиімсіздігі анықталды. Аталған шешім қабылдауға Мақат кентінің ескі Мақат бөлігіндегі жаңадан төселген автокөлік жолдары бүлінетіндігі негіз болды. |
|
18. |
Баймұқашев Руслан Теміржанұлы - Мақат кентінің тұрғыны, №2 бастауыш мектебінің директоры |
Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектепке 250 орындық жапсарлас ғимарат құрылысын салу |
Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне 250 орындық жапсарлас ғимарат үшін жобалау- сметалық құжаттама жасақталды. Жоба мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталуына байланысты Атырау облысы Құрылыс басқармасы тарапынан қайта жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. |
|
19. |
Доссор кентіне мұз айдынын салу |
Мұз айдынын салу экономикалық жағынан тиімсіз және аудан тұрғындарының сұранысының аз болуына байланысты қажеттілік етпейді. |
|
|
20. |
Мақат кентіне жүзу бассейнін салу |
Атырау облысы Құрылыс басқармасының тапсырысымен Мақат кентінен бассейн құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өтуде. Жобалаушы мекеме «ЭдемСтрой» ЖШС-гі. |
|
|
21. |
Құбай Теңелсін Құбайұлы - Доссор кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер |
Мақат ауданы шаруагерлеріне демеушілік көмекпен сордың және жер асты суларын тұщытатын арнайы құрылғы беру немесе сатып алу үшін субсидия бөлу |
Мақат ауданында жер асты тұшы су көзі жоқ. Жер асты суларын тұщытатын арнайы құрылғыны субсидиялау бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 23 шілдедегі №317 бұйрығына өзгеріс енгізу бойынша ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс берілді. |
|
22. |
|
Доссор кенті М.Өтемісұлы көшесіндегі 3 қатарлы ескі «ҚазПочта» ғимаратын жекешелендіріп алған тұлғаға ғимараттың сәулет-келбетін талапқа сәйкестендіруді міндеттеуді сұрайды. |
Доссор кенті әкімдігімен М.Өтемісұлы көшесінде орналасқан ескі «Қазпочта» ғимаратының иесі А.Исмагамбетовке (мекен-жайы: Атырау қаласы, Самал ықшам ауданы, А.Маржанов көшесі, 2 үй) ағымдағы жылы жеке меншігіндегі ескі «Қазпочта» ғимараты Доссор кентінің сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрғандығы жөнінде ескерту берілді. |
|
23. |
|
Доссор кенті мен Атырау қаласы бағытында қоғамдық көлік (автобус) жүргізуді сұрайды. |
Мақат ауданы мен Атырау қаласы бағытында мердігер мекеме «IlN WEST SERVICE» ЖШС-мен 49 орындық автобуспен жолаушылар тасмымалы жолға қойылған. Аталған көлік Мақат кенті мен Атырау қаласы аралығында қатынайды. Жол ақысы – 700 тг. Сондай-ақ, тұрғындарды Атырау-Доссор аралығында тасымалдайтын такси жүргізушілері бар. Жол ақысы – 1200 теңге. |
|
24. |
|
Мақат ауданы бойынша атқарылған жұмыстарды облыстың телеарналарында жүйелі түрде шығарылуын сұрайды. |
Мақат ауданында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру үшін облыстық телеарналар арқылы жаңалықтар сюжетін дайындау және теледидарда орналастыру қызметі бойынша аудандық ішкі саясат бөлімі 2022 жылы «CASPIAN NEWS» ЖШС-гімен келісім шартқа отырды. Аудан көлемінде өткен барлық іс-шаралар күні бүгінге дейін 27 сюжет «CASPIAN NEWS» телеарнасында шығарылды. |
|
25. |
|
Ескене елді мекенін көшіру мәселесі. |
Ескене ауылы тұрғындарының жай-күйін талқылау мақсатында бірнеше кездесулер өткізіліп, кездесуге қатысқан ауыл тұрғындарының барлығы кей кездері ауылда еркін тыныс алу қиынға соғатынын, ауада едәуір мөлшерде күкірт иісі болатындығын, «GPC Investment» ЖШС-мен газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатқандығын, зауыт іске қосылған жағдайда ауа ластанатындығын алға тартып, ауылды шұғыл арада Атырау қаласына көшіруді сұрауда. Мақат ауданына қарасты Мақат, Доссор кенттеріне көшуден бір ауыздан бас тартып отыр. |
|
26. |
|
Мақат және Доссор кенттеріндегі сорларды көму мәселесі. |
Мақат және Доссор кенттері орталығында орналасқан сорларды көму үшін, жобалық-сметалық құжаттама жасақтама жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржыландыру алдағы жылы қаралатын болады. |
|
27. |
|
Мақат кенті 3 ауыл маңынан республикалық маңызы бар Атырау-Ақтөбе тас жолына шығатын автокөлік жолын асфальттау мәселесі. |
Қазіргі таңда Мақат ауданы әкімдігімен Мақат кенті және Бәйгетөбе ауылішілік 24 шақырым автокөлік жолын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Жобалаушы мекеме - «Шындау» ЖШС. Бұл жобаға сәйкес, Мақат кенті Ж.Жұмағалиев көшесінен республикалық маңызы бар Атырау-Ақтөбе тас жолына қосатын 2928 метр автокөлік жолын салу қарастырылған. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржыландыру алдағы жылы қаралатын болады. |
|
28. |
|
Мақат кенті 3 ауылдағы электр бағаналарын ауыстыру, электр трансформаторларға жүктемені азайтуды сұрайды |
«Атырау Жарық» АҚ-ның Мақат аудандық бөлімшесімен Мақат кенті, 3 ауылдағы (Ж.Жұмағалиев көшесі) тозығы жеткен бағаналар ауыстырылды. Сондай-ақ, трансформаторлардың жүктемені аталған мекемемен «күзгі-қысқы» маусымға дайындық кезінде зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу қорытындысымен жүктеменің қалыпты жағдайда екендігі анықталды. |
|
29. |
|
Доссор кентінен су тарататын насостық станция салуды сұрайды. |
Доссор кентінен су тарататын насостық станция салуға ЖСҚ жасақтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, нәтижесінде КБ «Мұнайгаз Инжинеринг» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. ЖСҚ жасақтауға қажетті қаражатқа сұраныс берілді. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржыландыру алдағы жылы қаралатын болады. |
|
30. |
|
Мақат кентіндегі кәріз су тазарту имаратынан шығатын тазартылған техникалық суды кәдеге жаратуды сұрайды. |
Мақат кентіндегі кәріз су тазарту ғимаратынан кенттегі жасыл желектерді суғару үшін техникалық су желісін тарту жұмыстары бойынша ЖСҚ жасақтауға Мақат кенті әкімдігімен мемлекеттік сатып алу порталында конкурстық рәсімдер жүргізілуде. |
|
31. |
|
Қызылқоға ауданының жер қорынан Мақат ауданының жер қорына шабындық жер бөлуды сұрайды. |
Қызылқоға ауданының жер қорынан Мақат ауданының жер қорына шабындыққа жер беріліп, шаруагерлер өздеріне қажетті мал азығымен қамтамасыз етілді. |
|
32. |
|
Мақат ауданы территориясынан заңсыз жер қазу, сазды жыныстарды өндіру жұмыстарының жолын кесу мақсатында полициця қызметкерлерімен жұмыстарды күшейту. |
Мақат ауданы бойынша Жайынбай маңы, Жұмабай-1, Ескене ауылынан заңсыз қазылған жерлер бойынша облыстқы жердің пайдалануы мен қорғауын бақылау департаменті, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Атырау облысының Экология департаментімен тексеріс жұмыстары жүргізілді. |
|
33. |
|
Мақат ауданның коммуналдық саласына тракторлар мен су таситын автокөлікпен қамтамасыз етуді сұрайды. |
Мақат ауданы әкімдігімен Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына қажетті арнайы техника (Вакумнная машина КО 505А 2-дана, Экскаватор-Погрузчик 1-дана, Мусоровоз на базе КАМАЗ КО-440-17 2-дана, УАЗ Фермер - 39094 2-дана, Вакуумно-подметальная машина CEKSAN VKV-4000 на шасси автомобилья JAK N120 1-дана) сатып алуға бюджеттік өтінім жолданды. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржыландыру алдағы жылы қаралатын болады. |
|
34. |
|
Мақат аудандағы сорларды «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның демеушілігімен көму мәселесі. |
Мақат және Доссор кенттері орталығында орналасқан сорларды көму үшін, жобалық-сметалық құжаттама жасақтама жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржыландыру алдағы жылы қаралатын болады. |
|
35. |
|
«НКОК» компаниясының демеушілігімен Мақат кентіндегі ескі жұқпалы аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді сұрайды. |
Мақат аудандағы жұқпалы аурулар ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, «Эдемстрой» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Жобалық сметалық құжаттама жасақталғаннан кейін мәселе қаралатын болады. |
|
36. |
|
Ауданға келетін жас маман дәрігерлер үшін типтік үлгідегі 2 қабатты үйлер салуды сұрайды. |
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шаралары көрсетіледі. 2022 жылы тұрғын үйді сатып алу үшін бюджеттік несие 4 маманға (мұғалім) берілді. Көтерме жәрдемақы 6 маманға (4 мұғалім, 2 дәрігер) берілді. Қазіргі уақытта 1 инфекционист, 1 психиатор-нарколог, 1 лор дәрігерге қажеттілік туындап отыр. Ауданға келген жас маман дәрігерлерге ауданның коммуналдық тұрғын үй қорынан үй беру мүмкіндігі бар. Арнайы тұрғын үй салу қажеттілігі жоқ. |
|
37. |
|
Мақат кенті №2 бастауыш мектепке 250 орындық жапсарлас ғимарат салу жобасында мектептің ескі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді және төбе шатырын ауыстыруды сұрайды. |
Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне 250 орындық жапсарлас ғимарат үшін жобалау- сметалық құжаттама жасақталды. Жоба мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталуына байланысты облыстық Құрылыс басқармасы тарапынан қайта жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Аталған жобаға мектептің ескі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу және төбе шатырын ауыстыру жұмыстарын енгізу жөнінде техникалық тексеріс жүргізілді. |
|
38. |
|
Мақат кенті №2 бастауыш мектебінің 5 оқу кабинетіне 5 дана интерактивті тақта мен 1 дана проектр алып беруді сұрайды. |
№2 бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 оқу кабинетіне 5 интерактивті тақта мен 1 проектор сатып алу бойынша 2022 жылдың екінші жарты жылдығында мектептен бюджеттік өтінім жолданды. Берілген бюджеттік өтінімдер негізінде №2 бастауыш мектебіне сұралған 5 дана интерактиивті тақтаға қажетті қаражат 2023 жылға жоспарлануда. |
|
39. |
|
Білім саласын жаңғыртуға бөлініп жатырған қаражаттың мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алуды және мектеп директорларын мемлекеттік сатып-алуды жүргізу рәсімдерінен босатып, бұл жұмыстарды бірыңғай мекемемен жүргізуді сұрайды. |
"Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 955 бұйрығымен өзгерістер еңгізіліп, бұйрықққа толықтырылған тізбенің 1.1, 2.1, 2.2 және 3.1-тармақтарында көрсетілген (4-қосымша) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен мекемелері үшін жүзеге асырады деп көрсетілген. |
|
40. |
|
Бәйгетөбе ауылында мектеп, балабақша мен кітапхана бір ғимаратта, оларды бөлек ету мәселесін қарастыруды сұрайды. |
Бәйгетөбе ауылдық округі Бәйгетөбе ауылындағы мектеп жасына дейінгі балалар Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде тәрбиеленуде. Бәйгетөбе ауылы тұрғындары санының аз болуына байланысты өз алдына бөлек балабақша салуға қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінен мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарына арналған кітапхана жұмыс жасайды. Мектеп орынжайы балабақша мен кітапхана шоғырлануына толық мүмкіндік беруіне орай оларды бөлек ету мәселесі қарауды қажет етпейді. |
|
41. |
|
Мақат кентінен НКОК компаниясының демеушілігімен салынған 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үйді жекешелендіру мәселесін қарастыруды сұрайды. |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жекешелендіру тәртібі «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысымен айқындалған. Мақат кенті, Бейбітшілік көшесі, 11 үй тұрғындары жалдамалы тұрғын үйін жекешелендіру жөнінде gosreestr.kz веб-порталы арқылы өтініш берген жоқ. Өтініш берілген жағдайда Мақат аудандық тұрғын үй комиссиясымен Заң аясында қаралады. |
|
42. |
|
«ҚазМұнайГаз» АҚ мекемесі Атырау қаласы әкімдігімен қаланың 243 гектар жерін көгалдандыруға меморандумға отырған. Осы орайда 243 гектардың бір бөлігін Мақат ауданында көгалдандыру мәселесі қарастыруды сұрайды. |
«Атырау облысының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар жасаудың 2021-2025 жылдарға арналған Өңірлік жоспар» негізінде 2022 жылы ауданның 2,9 га көлеміне 2008 түп тал (Мақат кентінен - 900, Доссор кентінен – 1008, Бәйгетөбе ауылдық округіне – 100) отырғызылды. Қосымша өңірлік жоспар бойынша облыс әкімдігі және «NCOC» компаниясы жасақтаған меморандумға сәйкес Мақат ауданының 20 гектар жеріне (Мақат кенті-10 га, Доссор кенті-10 га) ағаш отырғызу жұмыстары биыл басталды. Сонымен қатар, «Алтеис Петролеум Интернешнл Б.В.» компаниясының демеушілігімен 5 жылда 2500 түп тал отырғызуға меморандум жасақталды. Осы жылы 500 түп тал (Мақат кентінен – 200, Доссор кентінен – 200, Бәйгетөбе а/о – 100) отырғызылды. |
|
43. |
|
Мақат және Доссор кенттеріндегі вокзал перрондарының құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауға алуды сұрайды. |
Мақат ауданы, Мақат кентінің вокзал перронын күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы 14.07.2022 жылғы №24 келісім-шартына сәйкес мердігер «ДОС-7» ЖШС-і болып анықталды. Вокзал перроны аумағындағы әкімшілік ғимарат салынып, инжинерлік инфрақұрылым жүйелері (кәріз, су, газ, тоқ) тартылды. Сонымен қатар, «Доссор кенті вокзал перронын күрделі жөндеу» жобасы бойынша «Таир» ЖШС-мен 20.06.2022 жылы мемлекеттік сатып алу шарты жасақталды. Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау туралы KZ01REA00291366 санды хабарламаға сәйкес құрылыс жұмыстары 19.08.-19.11.2022 жылы аралығында аяқталу көзделген. Мердігер «ТАИР» ЖШС-не құрылыс монтаж жұмыстарын тез арада бастау туралы бірнеше рет қатынас хат жолданған болатын. Қазіргі таңда мердігер «ТАИР» ЖШС-мен жасақталған келісім-шарт бұзылып, «ТАИР» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы ағымдағы жылдың 17 қарашасында талап арыз жолданды. Алдын ала сот отырысы 2023 жылдың 5 қаңтарына тағайындалған. |