«БЕКІТЕМІН»
Атырау облысының әкімі
____________ С.Ж.Шәпкенов
«______»____________ 2022ж
Құрманғазы ауданының Асан, Сүйіндік, Азғыр ауылдық округтердің тұрғындарымен
кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Сұрақ қоюшы |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындау нысаны |
Орындау мерзімі |
Жауапты |
|
Құрманғазы ауданы |
|||||
|
Асан ауылдық округі |
|||||
|
1 |
Алипов Сағидолла – Асан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер |
Асан, Үштаған елді мекендеріне жүргізілген су тазарту станциялары мен ауыз су құбырларының іске қосылуын қадағалауды сұрайды |
Округ көлемінде орналасқан Асан, Үштаған елді мекендеріне жүргізілген су тазарту станциялары мен ауыз су құбырларының «Құрманғазы СуАрнасы» ЖШС сенімгерлікке беріліп, қазіргі таңда округ тұрғындарын ауыз сумен қамтуда. |
2022 жылғы 1 қазанға ақпарат |
Нұртаев Қ.Т. – облыс әкімінің орынбасары, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Құрманғазы ауданының әкімі (жиын) |
|
2 |
Алипов Сағидолла – Асан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер |
Пошта байланысы жұмысын жандандыруды сұрайды |
«Қазпочта» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры А.Нысановтың 01.08.22 ж №671-26 қатынас хатында: пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерінің сәйкес келмеуіне байланысты, Асан ауылдық округіндегі пошта бөлімшесі жабылғаны, кейін ашылу мәселесі қарастырылмайтыны ескертілді. Бірлескен қызмет (франчайзинг) түрлерін ашуды ұсынды.
Асан ауылына антенна мачталық құбырғысының құрылысын салу үшін 29 135,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталынан «Групп Сервис» мекемесі жеңімпаз атанып қажетті жабдықтарды тасымалданды. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстары басталып фундаменті құйылды. Мұнарасының құрылысы желтоқсан айының соңына дейін аяқталауы жоспарлануда. |
2022 жылғы 1 қазанға ақпарат |
Нұртаев Қ.Т. – облыс әкімінің орынбасары, Құрманғазы ауданының әкімі (жиын), «Қазпошта» АҚ-ның Атырау облыстық филиалы(келісім бойынша), Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
|
3 |
Қасымова Нұржамал– Асан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер |
Үштаған ауылындағы апатты жағдайда тұрған клуб ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу немесе жаңадан клуб ғимаратын салуды сұрайды |
Құрманғазы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен Асан ауылына 100 орындық жаңа клуб ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Жобалаушы мекеме «Гипрогаз» ЖШС. Үштаған ауылы Асан ауылдық округінің елді мекені. Округтің орталығы Асан ауылы. |
2022-2025 жылдар |
Нұртаев Қ.Т. – облыс әкімінің орынбасары, Құрманғазы ауданының әкімі (жиын) Құрылыс басқармасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
|
Сүйіндік ауылдық округі |
|||||
|
4 |
Елеубаева Нәсіп – Сүйіндік ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер |
Облыс, аудан орталықтарынан тоқсан сайын дәрігерлер қабылдауын ауылға келіп өткізуді сұрайды |
Азғыр өңірінде тұратын тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін ағымдағы жылдың қазан айында арнайы мамандар барып, медициналық көмек көрсетті. Желтоқсан айында мектеп балаларын медициналық тексеруден өткізу жұмыстарына байланысты, 2023 жылғы наурыз айына жоспарланды. Қамтылатын дәрігер мамандар: фтизиатр, травматолог, офтальмолог, отоларинголог, акушер гинеколог, кардиолог, эндокриколог және УДЗ маманы. |
2022 жылғы 1 қазанға ақпарат |
Бисембиев Ж.О. – облыс әкімінің орынбасары, Денсаулық сақтау басқармасы, Құрманғазы ауданының әкімі (жиын) |
|
5 |
Меңдешов Думан – Сүйіндік ауылдық округінің тұрғыны |
Шаруа қожалықтарының игерілмеген жерлерін түгендеу үшін комиссия құруды сұрайды |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптары бойынша «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС-не берілген жер учаскесін пайдалану барысындағы іс әрекеттері Заң нормаларына қайшы келмеуіне байланысты, 134000 га жер игермей жатырған деп талап қою және мемлекет мұқтажы үшін қайтарып алу қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келмейді. |
2022 жылғы 1 қарашаға ақпарат |
Нұртаев Қ.Т. – облыс әкімінің орынбасары, Құрманғазы ауданының әкімі (жиын) Ауыл шаруашылығы басқармасы, Жер қатынастары басқармасы |
|
Азғыр ауылдық округі |
|||||
|
6 |
Куаншалиев Мансұр – Азғыр ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер |
Азғыр өңіріндегі 9 елді мекенді алдағы уақытта отандық Атырау ГЭС-не қосуды сұрайды |
Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы «Ганюшкин –Асан» ВЛ-110 КВТ жоғары кернеулі әуе желісін жүргізу жобалық құжаттама жасақталуда. Жоба жасақталғаннан кейін жұмыстары жүргізіліп және нақты шаралар қабылданатын болады |
2022 жылғы 1 қазанға ақпарат |
Нұртаев Қ.Т. – облыс әкімінің орынбасары, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (жиын), Құрманғазы ауданының әкімі |
|
7 |
Куаншалиев Мансұр – Азғыр ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер |
МӘСМ қоры бойынша округ тұрғындары кезек күттірмейтін медициналық (хирургиялық) ауруларды РФ Харабали ауданына барып емделулеріне жағдай жасауды сұрайды |
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан меморандум жасақталып, Ресей министрлігіне жолданды. Ресей тарапынан берілетін жауап күтілуде. |
2022 жылғы 1 қазанға ақпарат |
Бисембиев Ж.О. – облыс әкімінің орынбасары, Денсаулық сақтау басқармасы (жиын), Құрманғазы ауданының әкімдігі |
|
8 |
Аймов Жақсығұл – Азғыр ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер |
Балқұдық жалпы орта мектебінің төбе шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды |
Жөндеу жұмыстары 2022 жылғы 6 қазанда толық аяқталды. Мердігер мекеме ЖК «Мырзағалиев Е». |
2022 жылғы 1 қазанға ақпарат |
Бисембиев Ж.О. – облыс әкімінің орынбасары, Білім беру басқармасы, Құрманғазы ауданының әкімі (жиын) |
Облыс әкімі С.Шәпкеновтің 2022 жылдың 9-10 қыркүйек күндері
Құрманғазы ауданына жұмыс сапары барысында берілген
тапсырмалары
|
№ |
Тапсырманың мазмұны |
Орындалу барысы |
Мерзімі |
Орындалуына жауаптылар |
|
1 |
Үштаған ауылындағы құм тоқтату жұмыстарының сапалы жүргізіліп, жобаның толықтай жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін. |
2022 – 2023 жылдарға Құрманғазы ауданы Үштаған ауылына 10 гектар аумағына кұм тоқтату жұмыстарына «Кайсар – Атырау» ЖШС мен 2022 жылы 4 сәуір күні №17 келісім шарт жасақталды. Жұмыс 2 участокке бөлінеді. Көлемі 10 га. Оның ішінде: 1 участок 4,5 га, 2 участок 5,5 га. 2022 жылы 1 участокке қоршау жұмыстары жүргізіліп, қамыстан жасалған бөгеттер орнатылды. 2023 жылы 2 участокке аталған жұмыстар жалғасады. |
2022 жылғы 1 желтоқсанға ақпарат |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұртаев, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы(жиын), Құрманғазы ауданының әкімі |
|
2 |
2.1. Мүдделі органдармен бірлесіп, Азғыр өңірі елді мекендеріне жүргізілген ауыз су желісінің толықтай іске қосылуын қамтамасыз ету мақсатында мәселені бақылауға алып, орындалысын баяндап, аталған елді мекендерге таза ауыз судың толықтай берілуі бойынша қажетті шараларды қабылдасын; |
Сүйіндік, Балқұдық ауылдық округі су тазарту станцияларын мен ауыз су құбырларын сенімгерлік басқаруға Сүйіндік округі арқылы 3 рет конкурс ұйымдастырылып, нәтижесінде мердігер мекемелер қатыспаған.
Асан, Үштаған елді мекендеріне жүргізілген су тазарту станциялары мен ауыз су құбырлары «Құрманғазы СуАрнасы» ЖШС сенімгерлікке берілді. |
2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін баяндау |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұртаев, Құрманғазы ауданының әкімі, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (жиын) |
|
3 |
2.2. Азғыр өңірі елді мекендерінің бүгінгі энергетикалық жағдайын зерделеп,алдағы уақытта өңірді отандық энергия көздеріне қосу мүмкіндіктерін қарастырсын, мәселе бойынша нақты ұсыныс енгізсін |
Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы «Ганюшкин –Асан» ВЛ-110 КВТ жоғары кернеулі әуе желісін жүргізу жобалық құжаттама жасақталуда. Жоба жасақталғаннан кейін жұмыстары жүргізіліп және нақты шаралар қабылданатын болады. |
Мерзімі: 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұртаев, Құрманғазы ауданының әкімі, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (жиын) |
|
4 |
3.1. Сүйіндік ауылдық округіне табиғи газдың жүргізілуі бойыншақұжаттары дұрыс жасақталмаған, газ жүргізілген үйлердің мәселесін бақылауға алып, тиісті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын |
«Сомпани» ЖШС – гі Сүйіндік ауылдық округіндегі табиғи газ желісіне қосу бойынша құжаттары дұрыс жасалмаған 75 тұрғын үйдің, 50 үйіне құжаттарын жасақтады. Қалған 25 үйдің құжаттары жыл аяғына толық жасақталады. |
2022 жылғы 1 қазанға ақпарат |
Құрманғазы ауданының әкімі, мүдделі органдармен бірлесіп |
|
5 |
3.2. Қатты жел салдарынан бүлінген Балқұдық жалпы орта мектебінің төбе шатырын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін баяндасын |
Жөндеу жұмыстары 2022 жылғы 6 қазанда толық аяқталды. Мердігер мекеме ЖК «Мырзағалиев Е». |
2022 жылғы 15 қазанға ақпарат |
Құрманғазы ауданының әкімі, мүдделі органдармен бірлесіп |
|
6 |
3.3. Ветеринариялық лабораторияның жұмысын жолға қою мақсатында ғимаратты табиғи газға қосу мәселесін шешсін, лаборатория маманын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қарастырсын |
Ветеринариялық лабораторияға жылу қазандығын жеткізуші мердігер мекеме Мирасбренд ЖШС келісімшарт жасасудан бас тартуына байланысты мемлекеттік сатып алу тоқтатылды. Қаржысы кейін қайтарылды. Қазіргі таңда қосымша резервтен жылу қазандығы апарылып , қосуға қажетті керек жарақ бөлшектерін алу жұмыстары жүргізілуде . Жыл аяғына дейін қосылады. Ветеринариялық лаборатория мамандарынан 2 адам тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша,өз еріктерімен бас тартып, көтермелеу қаражатымен шектелсе ,1 маман көтермелеу қаражатын алып,тұрғын үй алуға жеке қарызы кедергі болғандықтан. 2023 жылдан бастап тұрғын үймен қамтамыз ету жұмыстары жүргізіледі. |
2022 жылғы 1 қазанға ақпарат |
Құрманғазы ауданының әкімі, мүдделі органдармен бірлесіп |
|
7 |
3.4. Азық-түлік тауарлары, мал азығы,су, газ бағаларыныңорынсыз көтерілмеуін қатаң бақылауда ұстасын |
2022 жылдың қараша жағдайы бойынша ауданда халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары бір қалыпты. Оның ішінде: бірінші сортты бидай ұнының келісі 235 тг, ал одан дайындалатын бір бөлке нанның бағасы 130 тг, макарон өнімдерінің келісі - 380 тг, күріш-450 тг, қарақұмық -520 тг, картоп- 200 тг, көкөніс өнімдері оның ішінде: сәбіз-200 тг, пияз-170 тг, қырыққабат-150 тг, қанттың бағасы- 500 тг, 1 л шемішке май –690 тг, сиыр еті- 2200 тг, құс еті 1300 тг, қораптағы сүт- 380 тг, 10 дана жұмыртқа 500- тг, тұз 80 тг сатылуда. Бақылауға алынды. Мал азығы бойынша 2022-2023 жылдарға жоспарға сәйкес қыстаққа 67191 бас мүйізді ірі қара, 187180 бас қой-ешкі, 29810 бас жылқы және 5163 бас түйе малдарын қалдыру жобаланды. Оған зоотехникалық норматив бойынша 147000 тонна пішен қажет деп есептеліп, жоспар 100 пайызға орындалды. |
1 қарашаға ақпарат |
Құрманғазы ауданының әкімі, мүдделі органдармен бірлесіп |
|
8 |
4.1. Үштаған ауылына жаңа клуб ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтауғақаржы көзін қарастыру |
Құрманғазы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен Асан ауылына 100 орындық жаңа клуб ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Жобалаушы мекеме «Гипрогаз» ЖШС. Үштаған ауылы Асан ауылдық округінің елді мекені. Округтің орталығы Асан ауылы. |
2022 жылғы 1 қазанға дейін |
Құрманғазы ауданының әкімі, облыс әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, Экономика және бюджеттік жоспарлау (жиын), Денсаулық сақтау, Құрылыс, Дене шынықтыру және спорт, Мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармалары |
|
9 |
4.2. Шекарада орналасқан Азғыр өңірі елді мекендеріне қажетті әлеуметтік, инфрақұрылымдық объектілерді салу жөніндегі тұрғындар ұсыныстарын қарастырып, өңірге модульдік ғимараттар салу жөнінде нақты ұсыныстар енгізсін |
Қазіргі таңда Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында 48 орындық спорт кешені құрылысына ЖСҚ жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Алдағы уақытта салынатын құрылысқа жасалатын жобалар кезінде модульдік ғимараттар салу бойынша назарда ұсталынады. |
2022 жылғы 1 қазанға дейін |
Құрманғазы ауданының әкімі, облыс әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, Экономика және бюджеттік жоспарлау (жиын), Денсаулық сақтау, Құрылыс, Дене шынықтыру және спорт, Мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармалары |
|
10 |
4.3. Азғыр өңірі елді мекендеріне ауылішілік жол тарту және өңір үшін ең маңызды жолдардың құрылысын жүргізу іс-шараларын нақтылы жүзеге асыру бойынша мәселелерді қарастырып, Азғыр өңірі жол жобаларының орындалысы мен жоспарларын арнайы баяндасын |
- Азғыр, Сүйіндік, Асан ауылдық округтердің ауылішілік жолдарына қазіргі таңда ЖСҚ жасақталуда. Жобалаушы мекеме "Уралводпроект" ЖШС. «7 разъезд-Асан-Балқұдық-Сүйіндік» автомобиль жолы облыстық маңызы бар жолының 0-36 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде; Сонымен қатар «7 разъезд-Асан-Балқұдық-Сүйіндік» автомобиль жолы облыстық маңызы бар жолының 39-98 шақырымына ЖСҚ жасақталуда. Тапсырыс беруші облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. |
2022 жылғы 1 қазанға дейін |
Құрманғазы ауданының әкімі, облыс әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, Экономика және бюджеттік жоспарлау (жиын), Денсаулық сақтау, Құрылыс, Дене шынықтыру және спорт, Мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармалары |
|
11 |
4.4. Азғыр өңіріне қажет етілетін спорттық, балалар алаңдары және арнайы техника, қызметтік автокөліктер (округ әкімдері, өңір ветеринарлары, учаскелік полиция қызметтері үшін), жедел жәрдем машиналарын алу мәселесі бойынша түскен ұсыныстарды қарастырып, аталған мәселелерді шешу бағытында нақты ұсыныстар енгізсін |
Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында 48 орындық спорт кешені құрылысына ЖСҚ жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысына қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жолданды.
Құрманғазы ауданы Сүйіндік, Жалғызапан, Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Асан, Үштаған, Кадырка, РТС, Жапырық, Алға, Даулеткерей, Нұржау, Орлы, Шестой елді мекендеріне спорт алаңдары құрылысына жоба сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Азғыр өңіріндегі ауылдық округтерге қажет етілетін қызметтік автокөліктерге сұраныстар жасақталып, экономика басқармасына жолданды, 2023 жылдың бекітілген бюджетімен қаржы бөлу жоспарлануда, ветеринария, учаскелік полиция мамандарына қажетті автокөліктерге бюджеттік өтінімдер жасақталып, тиісті салалық басқармалар арқылы ұсынылды. |
2022 жылғы 10 қазанға дейін ақпарат |
Құрманғазы ауданының әкімі, облыс әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, Экономика және бюджеттік жоспарлау (жиын), Денсаулық сақтау, Құрылыс, Дене шынықтыру және спорт, Мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармалары |
|
12 |
4.5. Балқұдық ауылына өрт сөндіру депосын салу мәселесін қарастырып, нақты ұсыныс енгізсін |
Балқұдық ауылына өрт сөндіру депосын салуға ЖСҚ жасақтау және құрылысын жүргізу Құрманғазы ауданының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілді. |
2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін |
Құрманғазы ауданының әкімі, облыс әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, Экономика және бюджеттік жоспарлау (жиын), Денсаулық сақтау, Құрылыс, Дене шынықтыру және спорт, Мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармалары |
|
13 |
5.1. Облыстан және аудан орталығынан Азғыр өңірінеәр тоқсан сайын дәрігерлерді іссапарға жіберіп, халыққа медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етубойынша жұмыстарды сапалы ұйымдастырсын |
Азғыр өңірінде тұратын тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін ағымдағы жылдың қазан айында арнайы мамандар барып, медициналық көмек көрсетті. Желтоқсан айында мектеп балаларын медициналық тексеруден өткізу жұмыстарына байланысты, 2023 жылғы наурыз айына жоспарланды. Қамтылатын дәрігер мамандар: фтизиатр, травматолог, офтальмолог, отоларинголог, акушер гинеколог, кардиолог, эндокриколог және УДЗ маманы. |
тоқсан сайын |
Денсаулық сақтау басқармасы, Құрманғазы ауданының әкімімен бірлесіп |
|
14 |
5.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына қатысты мүмкіндіктерді пайдалану жөніндегі тұрғындар ұсыныстары негізінде Азғыр өңірі тұрғындарының кезек күттірмейтін жедел медициналық қызметті (хирургиялық аурулар бойынша)Ресей Федерациясының Харабали ауданынан алып, емделуі үшін қарастырылған келісім-мүмкіндіктерді нақтылап,ол жөнінде тұрғындарды хабардар етсін, БАҚ-тарға арнайы ақпарат ұсынсын |
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан меморандум жасақталып, Ресей министрлігіне жолданды. Ресей тарапынан берілетін жауап күтілуде. |
2022 жылғы 1 қазанға ақпарат |
Денсаулық сақтау басқармасы, Құрманғазы ауданының әкімімен бірлесіп |
|
15 |
6. Шаруагерлер көтерген жер мәселесін шешу бағытындаигерілмеген ауылшаруашылықтық жерлерді түгендеу және қайтару мәселесін қарастырып, қалпына келтіру бойынша арнайы комиссия құрып, комиссияның шешімін баяндасын |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптары бойынша «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС-не берілген жер учаскесін пайдалану барысындағы іс әрекеттері Заң нормаларына қайшы келмеуіне байланысты, 134000 га жер игермей жатырған деп талап қою және мемлекет мұқтажы үшін қайтарып алу қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келмейді.
|
2022 жылғы 15 қазанға дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаев, Ауыл шаруашылығы, Жер қатынастары басқармалары, Құрманғазы ауданының әкімі, мүдделі органдармен бірлесіп |