Облыс әкімінің Индер және Махамбет аудандарының тұрғындарымен кездесулер барысында көтерілген ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2022 жылғы ІV-тоқсанға орындалысы

Облыс әкімінің Индер және Махамбет аудандарының тұрғындарымен

кездесулер барысында көтерілген ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспарының 2022 жылғы ІV-тоқсанға орындалысы

 

№

  Сұрақ қоюшы

Мәселенің қысқаша

мазмұны

Орындалысы

Орындау мерзімі

Жауапты
орындаушылар

Индер ауданы

Индербор кенті

 

Ермұханов Алтыбай –

Индербор кентінің тұрғыны

Индербор кентінде стадион салу

Орындалуда. Индербор кентінен стадион салуға ыңғайлы жер телімі қарастырылуда. Жобасын жасақтауға қажетті қаржыға сұранысы берілді. Қаражат 2023 жылы қаралатын болады

 

2023-2024 жылдар

Жетекшілік ететін

облыс әкімінің орынбасары,

Құрылыс басқармасы,

Индер ауданының әкімі

(жиын)

Көктоғай ауылдық округі

 

Салиев Қалаубай – Көктоғай ауылының тұрғыны

Көктоғай ауылындағы тұрғын үйлерге тоқ қуатының жетіспеушілігін шешу бағытында нақты жұмыстар ұйымдастыру

Орындалуда. Көктоғай ауылында жаңадан салынған тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін «Сәтті Сәулет» ЖШС арқылы жобалық сметалық құжаттамасы жасақталды. Қазіргі уақытта жобалық құжаттамасына түзетулер (корректировка) енгізілуде. Түзетулер енгізіп аяқтау уақыты 01.02.2023 ж. дейін. Түзетулер енгізіліп болғаннан кейін мемлекеттік сараптамаға жолданады.

2023 жылғы маусым

Нұртаев Қ.Т. –

облыс әкімінің орынбасары,

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Индер ауданының әкімі

(жиын)

 

Қазыбекова Тілеухан –  Көктоғай ауылының тұрғыны

Көктоғай ауылында балабақша және өнер мектебін салу мүмкіндігін қарастыру

Орындалуда. Көктоғай ауылынан 90 орындық балабақша салу үшін облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «СтройДизайнСервис» ЖШС арқылы  жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Сараптамаға жіберілгенмен сараптама қорытындысы теріс нәтиже беріп, қазіргі уақытта жобасы қайта жасақталуда. Жобасы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Балабақшаның құрылысы салынатын жер телімінің құжаттары жасақталуда. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, болашақта Көктоғай ауылынан               90 орындық балабақша салынғаннан кейін ауылдағы қазіргі уақыттағы қолданыстағы 40 орындық балабақшаны өнер мектебіне айналдыру ұсынылады

2023-2024 жылдары



Бисембиев Ж.О. –

облыс әкімінің орынбасары,

Білім беру басқармасы,

Индер ауданының әкімі (жиын)

 

Қазыбекова Тілеухан –  Көктоғай ауылының тұрғыны

Көктоғай ауылындағы ескі дәрігерлік амбулатория орнына балалар ойын алаңын салуды ұйымдастыру

Орындалуда. Көктоғай ауылындағы ескі дәрігерлік амбулатория орнына балалар ойын алаңын салу үшін жобалық құжаттамасы демеушілікпен жасақталуда. ЖСҚ жасақталғаннан кейін қаржыға сұраныс енгізілетін болады

2023 жылғы маусым

Нұртаев Қ.Т. –

облыс әкімінің орынбасары,

Индер ауданының әкімі (жиын)

 

Ажгулов Медет – Көктоғай ауылының тұрғыны

Құрылысты сапалы жүргізуді қадағалау мақсатында ауданда құрылысы жүргізіліп жатырған нысандардың ақпараттық тақтасына ауыл белсенділері үшін мердігер мекеменің байланыс номерлерін жазуды ұйымдастыру

 

 

Орындалды. Көктоғай ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізуші мердігер «SKS Инжениринг» ЖШС мекемесіне ұсыныс беріліп, нәтижесінде  мекеменің байланыс номерлері жазылып қойылды. Сонымен қатар ауданда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан басқа да нысандардың ақпараттық тақтасына мердігер мекемелердің байланыс номерлері жазылды.

Үнемі



Нұртаев Қ.Т. –

облыс әкімінің орынбасары,

Индер ауданының әкімі (жиын)

 

Қойшыбай Байнешов - Көктоғай ауылының тұрғыны

Сойылған етке берілетін анықтаманы (Форма-2) ауылдық округтегі ветеринариялық дәрігерлер арқылы беру мүмкіндігін қарастыруды ұйымдастыру

Объективті жауап берілді. ҚР-ның 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Ветеринария туралы Заңының 1-тарау, 1-бабының 23,40,42-тармақшасында   көрсетілгендей жергілікті жерлерде   ветеринариялық дәрігерлер беретін (Форма-2) үлгісіндегі ветеринариялық  анықтамалар мал сою пункттері арқылы беріледі.

Мал сою пункттері ветеринариялық-санитариялық талаптар негізінде сараптама   жүргізе   отырып, жануарлардан сойылған    өнімдерді бастапқы өңдейтін жабдықтармен жарақтандырылған, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға        сәйкес келетін мамандандырылған мекен-жаймен (убойный пункт) қамтамасыз етілген талаптарға сай орындарда сойылады деп көрсетілген. Осы талаптар бойынша сойысқа түскен мал өнімдері зертханалық сараптамадан өткен соң, тиісті нысанның ветеринар дәрігерінің қолымен, мөр қою арқылы электронды шығарылған құжат арқылы  ішкі сауда орындарына, ет  сату дүкендеріне жөнелтіледі. Жергілікті округ дәрігерлері  осы берілетін құжаттарға сәйкес (Форма-1) ветеринариялық анықтаманы беріп отырады. Аталмыш заң талаптары сұрақ иесіне түсіндірілді.

Үнемі

 

Нұртаев Қ.Т. –

облыс әкімінің орынбасары,

Ауыл шарушашылығы басқармасы,

Индер ауданының әкімі (жиын)

 

Айманакумов Мақсот - Көктоғай ауылының тұрғыны, зейнеткер

«Бағырлай» каналына су жеткізу мәселесін қарастыруды ұйымдастыру

Орындалды. Индер ауданындағы «Бағырлай» каналы 1977 жылы салынған. Каналдың жалпы ұзындығы 105 км. Көктоғай ауылдық округінің «Шегәлі» қыстағы (Айманакумов Бекболаттың «Құлмұхан» ШҚ отырған жер) «ҚазСуШар» мекемесінің сумен қамту шекарасына  кірмеуіне байланысты ол жерге су жеткізу мүмкіндігі жоқ.

2023 жылғы маусым

Нұртаев Қ.Т. –

облыс әкімінің орынбасары,

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы басқармалары, Индер ауданының әкімі (жиын)

Махамбет ауданы

Махамбет ауылдық округі

 

Төлегенов Ұзақбай – еңбек ардагері, Махамбет ауылы тұрғыны

Махамбет ауданы мен Исатай ауданы арасын қосатын Республикалық маңызы бар жолды жөндеу

 

Орындалуда. Республикалық маңызы бар Махамбет және Исатай ауданы орталығын қосатын автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына 2022 жылы қаржы бөлініп, жұмыстары басталды. Жоба келесі жылдарға ауыспалы, қаражат қаралуда.

2022-2023 жылдар

Жетекшілік ететін

облыс әкімінің орынбасары,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

(жиын)

 

Масалимова Болған – Махамбет ауылы тұрғыны

Махамбет ауылына 60 пәтерлік 1 тұрғын үй мене 36 пәтерлік 3 тұрғын үй салу

Орындалған жоқ. Махамбет ауылынан 60 пәтерлік 1 тұрғын үйдің құрылысы "НКОК" компаниясы есебінен ағымдағы жылы басталады (құны - 999,7 млн.теңге), 36 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құжаттамалары дайын (құны - 1 807,4 млн.теңге). «Нұрлы жер» бағдарламасының аяқталуына байланысты басқа қаражат көзі қарастырылуда.

2023-2024 жылдар

Жетекшілік ететін

облыс әкімінің орынбасары,

Құрылыс басқармасы

(жиын)

 

 

Айдарова Қарлыға – Сарытоғай ауылы тұрғыны

Сарытоғай ауылындағы құрылыс жұмыстары тұрып қалған мәдениет үйінің құрылысын бітіру

Орындалған жоқ. Сарытоғай ауылындағы 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы 2017 жылы басталып, күні бүгінге толықтай тоқтатылып тұр. Тапсырыс беруші «Атырау облысы құрылыс басқармасы» мм-сі. Қазіргі кезде мердігер мекемені (Строй Проект 2017 ЖШС) сотқа талап арызбен жүгіну, жосықсыз қылып тану процедуралары жүргізілуде.

2022-2023 жылдар

Жетекшілік ететін

облыс әкімінің орынбасары,

Құрылыс басқармасы

(жиын)

 

Жалғансай ауылдық округі

 

Құбиев Әсет – Жалғансай ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер

Жалғансай ауылының жаңа мөлтек ауданындағы тұрғын үйлерге су желісін жүргізу мәселесін қарастыру

Орындалуда. Махамбет ауданы әкімдігімен су желісін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақтауға жергілікті бюджеттен 2023 жылға қаржы бөлінуде.

2023 жылғы маусым

Нұртаев Қ.Т. –

облыс әкімінің орынбасары,

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Махамбет ауданының әкімі

 (жиын)

 

Жұмағалиева Балторғын – Жалғансай ауылдық округінің тұрғыны, Жалғансай орта мектебінің мұғалімі

Жалғансай ауылындағы «Көктем гүлі» балабақшасы ғимаратын зерделеп, жылу беру маусымы басталуына байланысты істен шыққан құрал жабдықтарын жаңарту, қазан айынан бастап тұрақты түрде жылу берілуін ұйымдастыру

Орындалды. «Көктем гүлі» бөбекжайына ағымдағы жылы модулді жылу қазандығы орнатылып, 2022 жылдың 13 қазанда іске қосылды. Жылу жүйесі қалыпты жұмыс жасауда.

2022 жылғы

қазан

Нұртаев Қ.Т. –

облыс әкімінің орынбасары, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, білім беру басқармалары,

Махамбет ауданының әкімі

 (жиын)

 

Жұмағалиева Балторғын – Жалғансай ауылдық округінің тұрғыны, Жалғансай орта мектебінің мұғалімі

Балалар ойын алаңын салуды қарастыру

Орындалуда. Жалгансай, Есбол, Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл ауылдарына балалр ойын алаңын салу бойынша жоба дайын. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталады.

2023 жылғы маусым

Нұртаев Қ.Т. –

облыс әкімінің орынбасары, Махамбет ауданының әкімі (жиын)

 

Есенғалиев Амангелді – Жалғансай ауылдық округінің тұрғыны, Жалғансай ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Жалғансай ауылының ауылішілік көшелеріне жол салу мәселесін ұйымдастыру

Орындалуда. Жалғансай ауылының ауылішілік жолдардың ұзындығы 13,8 шақырым. Оның ішінде 3 шақырым кірме жол және 1,2 шақырымды құрайтын Р.Отаров көшесі асфальтталған. Қалған 9,6 шақырымға 2020 жылы Жалғансай ауылының жаяу жүргіншілер жолымен қоса ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу үшін ЖСҚ жасақталып, 2021 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 2022 жылы мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС анықталды. Құрылыс монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат (талон) алынды. Құрылыс жұмыстары басталып, келесі жылы жалғасын табатын болады.

2023-2024 жылдары

 

Нұртаев Қ.Т. –

облыс әкімінің орынбасары,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Махамбет ауданының әкімі (жиын)

 

Сабырғалиева Бибінұр – Есбол ауылдық округіне Есбол ауылдық округіне қарасты Еңбекшіл ауылының тұрғыны

Еңбекшіл ауылына ұялы байланыс және интернет желісін жүргізу мәселесін қарастыру

Орындалуда. «Қазақтелеком» АҚ филиалы Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы Атырау жергілікті желілер техникалық торабымен Махамбет ауданы, Есбол ауылдық округіне қарасты Еңбекшіл ауылында Махамбет желіжол-техникалық учаскесі мекемесінің интернет желісі толықтай қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні ұялы байланыстар, мобильді интернет сапасын жақсарту бойынша әкімдікпен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2023 жылғы маусым

Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы (келісім бойынша), «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша), Махамбет ауданының әкімі (жиын)

 

 

Дата публикации
04 января 2023