Атырау қаласының Алмалы және Кеңөзек ауылдық округтері, Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округі және Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Сұрақ қоюшы |
Мәселенің қысқаша мазмұны |
Орындау нысаны |
Орындау мерзімі |
Жауапты |
|
Атырау қаласы |
|||||
|
Алмалы ауылдық округі |
|||||
|
1. |
Айболат Сахиев – Алмалы ауылы тұрғыны, жеке кәсіпкер |
Алмалы ауылына ауылішілік жол құрылысын салу, жарық желісін тарту Орындалуда. Алмалы ауылына тас жол салу 2 кезеңмен жүзеге асырылады. І кезең (6,4 км) оң жақ бөлігінің жұмыстары басталып, қазіргі уақытта ауыл көшелерінің жолдары салынуда. Жоба бойынша 18 көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 14 көшесіне ЩПС төселіп, қалған 4 көшесіне топырақ (ПГС) төсеу жұмыстары жүргізілуде. ІІ кезең (7,4 км) жобасы 2023 жылдың көктем айында құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарланған. Мердігер мекеме «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС Округтегі жолы бар 8 көшеге (10,2 км) түнгі көше жарығы тартылды. 2023 жылы 3 көшеге (1 км жуық) түнгі жарық жүргізу жоспарланған. (К.Төлеубаева, З.Шарипова). |
Ауылішілік жол құрылысын салу, жарық желісін жүргізу |
2022 жыл аяғына дейін |
Қ.Е.Нұрлыбаев – облыс әкімінің орынбасары, Атырау қаласының әкімі (жиын) |
|
2. |
Самал – Береке ауылы тұрғыны |
Береке ауылының №19-көшесіне жол салу Орындалған жоқ. Береке ауылының №19 көшесіне «Қиғаш Маңғыстау» магистралдық су құбыры жақын орналасқан. Осыған орай, мекеме тарапынан рұқсат берілмеуіне байланысты жол құрылысын салу мүмкін емес. |
Ауылішілік жол құрылысын салу |
2022 жыл аяғына дейін |
Қ.Е.Нұрлыбаев – облыс әкімінің орынбасары, Атырау қаласының әкімі (жиын) |
|
Жылыой ауданы |
|||||
|
Құлсары қаласы |
|||||
|
3. |
Нұрғазиев Медетқали –Құлсары қаласының тұрғыны |
Теніз кенішіндегі вахталық жұмыстын ұзақтылығын 14 күнге ауыстыру мәселесін Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия отырысында талқылау Объективтік жауап берілді. Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігі тарапынан «Теңізшевройл» ЖШС-ніне хат жолданған болатын. «ТШО» ЖШС-нің жауап хатында қызметкерлердің ауысымының ұзақтығын кәсіпорынның қажеттіліктерін ескере отырып, әрбір жұмыс беруші компания белгілейтіндігін жеткізді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық, еңбек шарттарымен реттеледі. Сонымен қатар, белгілі бір тұрғылықты аймақтың тұрғындары үшін ерекше ауысымдық режимді орнату мүмкін емес екендігін, өйткені өндіріс құрылымында жұмысшылардың аумақтық бөлінуі қолданылмайды деп хабарланды жауап хатта. |
Комиссия отырысының хаттамасы |
2022 жыл аяғына дейін |
Қ.Е.Нұрлыбаев – облыс әкімінің орынбасары, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жиын) |
|
4. |
«БазисОйл» ЖШС-нің шағын мұнай өндеу зауыты жұмысының мәселелері бойынша жиын өткізу Орындалуда. Үстіміздегі жылдың тамыз айында Жылыой аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан "Базис Ойл" ЖШС-не тексеру тағайындау актісі тіркелген болатын. Акт негізінде 23.08.2022 жылы жоспардан тыс тексеру жүргізілген болатын. Тексеріс жүргізу нәтижесі бойынша, бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлғаға 310 АЕК мөлщерде айыппұл салынды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің |
Жиын хаттамасы |
2022 жыл аяғына дейін |
Қ.Е.Нұрлыбаев – облыс әкімінің орынбасары, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы (жиын) |
|