Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

 

 

Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі

бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша

округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы                 28 желтоқсандағы №23 «Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атырау облыстық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бір мандатық аумақтық сайлау округтерінде 9 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. №10, №11, №12, №13, №14, №15 бір мандатық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.
  3. Атырау облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін осы қаулы Атырау облыстық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Атырау облыстық аумақтық

сайлаукомиссиясының төрағасы                                           А. Айманакумов

 

Атырау облыстық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                          А. Аманжолова 

 

 

 

 

 

Атырау қаласы

2022 жылғы 29 желтоқсан

№ 24

 

 

 

 

 

Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Дата публикации
29 декабря 2022