Жақында жеке шағын компанияға курьер болып жұмысқа орналастым. Менің жеке шотыма зейнетақы аударымдары уақытылы түсіп отырғанын білуге бола ма? Оны қалай жасаймын?
Біріншіден, жұмысқа орналасу кезінде Сіз міндетті түрде жұмыс берушімен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасасу арқылы қарым-қатынасты рәсімдеуіңіз керек. Екі жағдайда да жұмыс беруші (салық агенті) ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) жеке зейнетақы шотыңызға табысыңыздың 10% мөлшерінде аударуға міндетті. Оның жарналарды аудару бойынша өз міндеттемелерін адал орындайтындығына көз жеткізу үшін олардың шотқа түсуін бақылау қажет.
БЖЗҚ салымшыларға түрлі әдістерді ұсынады. Олардың ішінен ең жоғары сұранысқа ие боп тұрған - Қор сайтындағы және БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет.
ЭЦҚ немесе ЖСН мен құпиясөзді пайдалана отырып, Сіз кез келген уақытта Жеке кабинетіңізге кіріп, зейнетақы жинақтары мен қаражаттың түсуін көре аласыз.
Ол үшін Қор сайтына кіресіз, оның жоғарғы оң жақ бұрышында «Жеке кабинет» деген тиісті жазуы бар белгіше орналасқан. Соны басып, «Жеке тұлға кабинетін» таңдаңыз. Жаңадан бастаушылар үшін тіркелу қажет.
Егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса, ол Сізге екі жағдайда қажет болады. Біріншіден, ЭЦҚ көмегімен Сіз жай ғана өз кабинетіңізге кіресіз. Бірақ цифрлық қолтаңбаның жарамдылық мерзімі бар және оны egov порталында қайта тіркеу өте жылдам. Десек те, оның көмегімен мынаны бірден жасап алғаныңыз дұрыс: Сіз Жеке кабинетке – «Қызметтер» бөліміне кіріп, деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «ИНТЕРНЕТ - ақпараттандыру әдісін» таңдаңыз.
Егер ЭЦҚ болмаса, Сіз БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне бір рет барып, онда ақпараттандыру тәсілі ретінде интернетті таңдайсыз. Осыдан кейін Жеке кабинетке ЖСН және өзіңіз таңдаған құпиясөз арқылы кіруге болады.
Жоғарғы сол жақ бұрышта «Қызметтер» функциясы бар. Оны басу арқылы қызметтердің түрлері көрсетілген ортақ бөлімге кіресіз. Сізге жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу керек. Өзіңізді қызықтыратын кезеңді көрсетіп, содан кейін алынған үзінді көшірмені компьютерге жүктеуге немесе қалауыңыз бойынша электрондық поштаға жіберуге болады.
Жеке кабинет арқылы шоттың жай-күйін ғана емес, сонымен қатар зейнетақы жинақтарын төлеуге өтініштерді қарау мәртебесін бақылап, деректемелеріңізді өзгертуге, зейнетақыны болжауға және т. б. болады.
Қорда зейнетақы жүйесі мәселелері жөнінде жалпы кеңес алуға болатын 1418 тегін нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.