Менің анама БЖЗҚ-да жинақтары бар екендігі туралы sms-хабарлама келді. Бұл не? Өйткені, оның зейнеткерлікке шыққанына бес жылдай болды. Бұл «алаяқтық» емес пе?

Менің анама БЖЗҚ-да жинақтары бар екендігі туралы sms-хабарлама келді. Бұл не? Өйткені, оның зейнеткерлікке шыққанына бес жылдай болды. Бұл «алаяқтық» емес пе?

            БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар бойынша жыл сайынғы салыстырып, тексеруді жүзеге асырады.

            Салыстыру барысында БЖЗҚ мамандары зейнет жасына толған және мемлекеттік бюджеттен зейнетақы алатын адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне жүгіну қажеттілігі туралы хабарлайды.

            Мұның неліктен болып жатқанын түсіндірейік: жасына байланысты зейнетақы және мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау үшін, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу үшін азаматтар бірыңғай өтінішпен және құжаттар топтамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына ғана жүгінулері қажет.  

            Алайда 2018 жылға дейін, Сіздің анаңыз зейнетке шыққан кезде, мұндай қызмет болған жоқ: зейнет жасына толған кезде азаматтар Мемлекеттік корпорацияға базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы алу үшін бөлек, ал зейнетақы жинақтарынан төлемдер алу үшін БЖЗҚ-ға бөлек құжаттар тапсырды. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген және мемлекеттік төлемдерді ала бастаған кейбір азаматтар БЖЗҚ-ға төлем алуға өтініш білдірген жоқ.

           Дәл осындай өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша Мемлекеттік корпорацияның 1414 Бірыңғай нөмірінен мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Мұндай хабарламаларды алған адамдарға тек жауап хабарлама жіберсе болды, БЖЗҚ-ға немесе ХҚКО-ға басқа да қосымша өтініштер жіберу және құжаттарды тапсыру талап етілмейді.

           Одан әрі БЖЗҚ-дан төлемдер жасына байланысты зейнетақы төлемдерімен бірге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде бұрын Мемлекеттік корпорацияға берілген банк шотына есептеледі.

           Бұл ретте БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен мерзімі алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығына байланысты болады.

 

Дата публикации
08 декабря 2022