Менің досым зейнетақы жарналарын аудармай, «көлеңкелі» жағдайда жұмыс істеп, «Зейнетақы жинақтарымызды алатынымызға кепілдік жоқ»,- дейді... Мен бұған қарсылық білдіріп, мұны заң аясында түсіндірулеріңізді өтінемін. Көмектесіп жіберіңізші?

Менің досым зейнетақы жарналарын аудармай, «көлеңкелі» жағдайда жұмыс істеп, «Зейнетақы жинақтарымызды алатынымызға кепілдік жоқ»,- дейді... Мен бұған қарсылық білдіріп, мұны заң аясында түсіндірулеріңізді өтінемін. Көмектесіп жіберіңізші?

Қазақстан - зейнеткерлікке шыққан кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң (5-бап) алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары мен БЖЗҚ-дағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. 

Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы кірістілік жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған барлық кезеңдегі инфляция деңгейіне қатысты есептеледі. Егер осы уақыт ішінде зейнетақы жинақтарының кірістілігі инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейді. 

Сондықтан салымшылардың жинақтары сенімді қорғалған және бұл қаржы нарықтарындағы оқиғалардың қалай дамитынына және инвестициялық табысқа қатысты жағдайдың қалыптасуына байланысты емес.

Салымшылар зейнет жасына толған кезде мемлекеттің кепілдігі бойынша төлем жасау құқығын алады. Бұдан басқа, бұл құқыққа, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда мұрагерлер ие болады.

 

 

 

Дата публикации
08 декабря 2022