Жасым мен жинағымның сомасы жеткілікті болғаннан кейін, мен оның бір бөлігін сақтандыру компаниясына аудардым. Енді қалған бір бөлігін қайтадан зейнетақы қорына қайтарғым келеді. Бұл мүмкін бе?

Жасым мен жинағымның сомасы жеткілікті болғаннан кейін, мен оның бір бөлігін сақтандыру компаниясына аудардым. Енді қалған бір бөлігін қайтадан зейнетақы қорына қайтарғым келеді. Бұл мүмкін бе?


2003 жылдан бері біздің азаматтардың өмірді сақтандыру компанияларымен (бұдан әрі – ӨСК) зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқығы бар. Мұндай шарт азаматтарға зейнеткерлік жасын күтпестен жыл сайынғы индекстеуді (кемінде 5%) ескере отырып, ӨСК-ден тұрақты төлемдерді өмір бойы алуға мүмкіндік береді.
2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген сақтандыру нарығын дамыту туралы Қазақстан Республикасының Заңымен зейнетақы аннуитеті шарты бар азаматтарға ӨСК-дан ақшаны БЖЗҚ-ға ішінара қайтару құқығы берілді.
Заңды іске асыру үшін 2022 жылғы 20 қазанда тиісті нормативтік құқықтық акт (НҚА) қабылданды. Ол ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң, атап айтқанда, 2022 жылғы 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Көрсетілген күннен бастап, зейнетақы аннуитеті шарты бар азаматтар ӨСК-ге өтінішпен жүгініп, зейнетақы аннуитеті шартының ең төменгі құнынан асатын сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтара алады.
Ол үшін зейнетақы аннуитеті шарты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен емес төлемдеррді қамтамасыз етуге тиіс жаңа шарттармен қайта жасалады.
Сақтандыру ұйымдары сақтанушы өтініш берген күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде қайтарылуға жататын ақша сомасын БЖЗҚ-ға аударуға міндетті.

 

Дата публикации
08 декабря 2022