2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары сайлауында Касымгалиев Канатбек Махмудовичті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы

 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары сайлауында Касымгалиев Канатбек Махмудовичті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 5) тармақшасына, 73-бабы 6 тармағы 2) тармақшасына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Касымгалиев Канатбек Махмудович Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат ретінде тіркелсін.
  2. Касымгалиев Канатбек Махмудовичке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттың куәлігі берілсін.
  3. Касымгалиев Канатбек Махмудовичтің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат ретінде тіркелгені туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Атырау облыстық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы

      А. Айманакумов  

 

Атырау облыстық

аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы


    
 А. Аманжолова

 

 

 

 

 

 

 

Атырау қаласы

2022 жылғы 6 желтоқсан

№ 23

 

 

 

Дата публикации
06 декабря 2022