2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Сарсемалиев Гильман Амиржановичтің Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы 

Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Сарсемалиев Гильман Амиржановичтің Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының              4, 70 және 71-баптарына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Сарсемалиев Гильман Амиржановичтің Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
  2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.

 

 

Атырау облыстық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы

А. Айманакумов  

 

Атырау облыстық

аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы


А. Аманжолова

 

 

 

Атырау қаласы

2022 жылғы 30 қараша

№ 18

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 ноября 2022