Қайырлы күн! БЖЗҚ қызметтерін жеке куәліксіз, оның сандық көшірмесімен ала аламын ба?
Иә, бүгінде жеке зейнетақы қызметтерін жеке куәлікті көрсетпей-ақ алуға болады. Ол үшін смартфондағы egovmobile қосымшасында оның сандық (электрондық) нұсқасы болуы жеткілікті.
Мұндай мүмкіндікке тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана және тек БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі жүгінген кезде ие болады.