Атырау облысы бойынша 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және облыс басшылығының жеке қабылдау қорытындылары туралы мәлімет

Атырау облысы бойынша 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және облыс басшылығының жеке қабылдау қорытындылары туралы мәлімет

Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарының «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде 2022 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан 25646 өтініш тіркелген. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 5,6%-ға кеміп отыр. (2021ж. 9 айы – 27165).

Өтініштердің қаралу нәтижесімен барлығы 15490 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде  қолайлы әкімшілік акт – 11368 (49,9%), ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 4122 (12,3%).

Азаматтардың көтерген негізгі мәселелері: жер қатынастары және ауыл шаруашылығы – 9446 (36,8%), құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер – 6486 (25,3%), жұмыспен қамту - 1566 (6,1%), әлеуметтік қорғау, адам құқықтары – 1107 (4,3%), қаржы мәселелері – 895 (3,5%), білім – 801 (3,1%), денсаулық – 413 (1,6%), көші-қон мәселелері – 353 (1,4%),  мәдениет және спорт -278 (1,1%), БАҚ, ақпарат және байланыс -108 (0,4%).

2022 жылдың 9 айында облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен есепті кезеңде 552 қабылдау ұйымдастырылып, 2511 азамат жеке қабылданды.

Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 465 азамат жеке қабылданды, оның ішінде облыс әкімімен 330 азаматтың жеке қабылдануы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 14 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 451 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді.

Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 1372 азамат өтініш білдірді. Олардың: тұрғын үй - 331, денсаулық -141, әлеуметтік көмек - 45, білім -86, жұмыспен қамту-101, жерді пайдалану-69, жол салу-20, кәсіпкерлік-44, құрылыс-15, мәдениет-13, ауыл шаруашылығы-16, қаржы-7, тағы да басқа мәселелер бойынша -484. Барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау Жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

 

Дата публикации
19 октября 2022