Атырау облысы бойынша әкімдердің халықпен кездесулерінде көтерілген және орталық деңгейде шешуді талап ететін мәселелердің ТІЗБЕСІ

Атырау облысы бойынша

облыс,республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атауы

әкімдердің халықпен кездесулерінде көтерілген және

орталық деңгейде шешуді талап ететін мәселелердің

ТІЗБЕСІ

№

№ р/с

Мәселенің атауы

Мәселені шешу жолдары

Әкімдіктің ұстанымы

ОМО ұстанымы

1

2

3

4

5

Жол, көлік және логистика

1.       

1.

Атырау қаласының инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту

Атырау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында республикалық бюджеттен жыл сайын 12 млрд.теңге қаржыландыру көзделген.

2021 жылы РБ-тен 12 млрд.теңге қаражат бөлінген жоқ.

Ағымдағы жылы бекітілген бюджетпен 2,7 млрд.теңге, бюджетті нақтылаумен 7,8 млрд.теңге бөлінді.

Мәселені шешу үшін кешенді даму жоспарға сәйкес Атырау қаласының автомобиль жолдарының құрылысына және қайта жаңғыртуға 2021-2022 жылдары бөлінбеген және 2023 жылға қарастырылмаған 23,0 млрд.теңге қаражатын 2023 жылға бөлу қажет.

Әр-түрлі

2.       

1.

«Нарын», «Есбол-Қазыбай», «Ақсай», «Бақсай», «Құрайлы сай», «Есіркеп», «Жасқайрат», «Мартыши», «Ералинский» каналдарын күрделі жөндеу және қалпына келтіру

«Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналган кешенді даму жоспарында»  13 суару-суландыру каналдар мен 1 гидроторапты күрделі жөндеуге қаражат бөлу қарастырылған. Барлық 14 канал  республикалық меншікке берілді. Кешенді жоспар бойынша 2021 жылы Қызыл үй каналын, 2022 жылы 8 каналды, (Нарын, Құрайлы сай, Ақсай, Бақсай, Ералы, Мартыши, Жасқайрат, Есіркеп),2023 жылы 5 каналды(Бағырлай, Сборный, Ақай, Соколок, Кобяково-Забұрын) күрделі жөндеу жоспарланды. 2021 жылы Қызыл үй каналын күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 119,0 млн. теңге  бөлініп, жөндеу жүмыстары аяқталды.

Қазақстан Республикасы  Экология, геология және табиғи  ресурстар министрлігінің (ЭГТРМ) Су ресурстар комитетінің (СРК) анықтауы бойынша   Қазақстан Республикасы   Президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленген  «120 канал» бағдарламасына Атырау облысының   6 каналы (Нарын, Бақсай, Бағырлай, Сборный, Есбол-Қазыбай, Ақсай)енгізілді. Қалған  7 канал    «Жасыл Қазақстан» бағдарламасына енгізілді.

        «Нарын» каналы бойынша демеушілер қаражаты есебінен                   20,0 млн. тенге, бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда, мемлекеттік сараптамасы жыл соңында шығады.

      2022 жылы   «Есбол-Қазыбай», «Ақсай», «Бақсай» каналдарына бюджеттік өтінім берілді, сонымен қатар республикалық бюджетті нақтылау   кезінде    250,0 млн. теңге бөлінді.

        2023 жылы  «Нарын», «Бағырлай», «Ералы», «Құрайлы сай», Сборный, Ақай, Соколок, Кобяково-Забурын каналдарды күрделі жөндеу үшін         8 млрд.теңге  қаражат бөлу ұсынылды.

 

 

 

Мәселені шешу үшін Кешенді жоспарда қарастырылған  8,0 млрд.теңге бөлу қажет.

3.       

1.

Кәріз желілері мен имараттарының құрылысы, екінші қосу кешені.  Доссор кентінен   Мақат кентіндегі кәріс тазарту имаратына дейін кәріз желілерін жеткізу

       Доссор кентінің кәріз желілерін Мақат кентінің   өнімділігі 3000 тәу/м3 құрайтын құрылысы аяқталған  КТИ объектісіне қосу  туралы шешім қабылданған болатын. Алайда, ОМО тарапынан жоба қолдау таппады.

ИИДМ ұстанымы – кентаралық магистралдық желілер құрылысын салу министрліктің құзырына кірмейді  (ИИДМ құрылысты елді мекен шегінде іске асырады).     КСРК ЭГТРМ  ұстанымы - трансферттер үшін ЕБК-да бағдарламаның жоқтығына байланысты. Сонымен қатар, Есеп комитетінің тексеру қорытындысына сәйкес, коллектор құрылысы тиімсіз деп танылды. Осыған байланысты, Доссор кентінде қуаттылығы аз КТИ құрылысын салу ұсынылады.

Мәселені шешу мақатында Доссор кентінде   тәулігіне 1800 м3  аз қуатты модульді КТИ құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізу жұмыстары жасалатын болады. Доссор кентінде кәріз тазарту имаратының құрылыс салу 2023 жылға жоспарланған.

 

Дата публикации
13 октября 2022