Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Индер, Исатай  және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиялары 2022 жылғы                     16 қазанға Индер ауданының Өрлік ауылдық округі, Исатай ауданының Нарын ауылдық округі және Құрманғазы ауданының Сүйіндік, Қиғаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындады.

Ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтері құрылды.

2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 17 қыркүйекте басталады, 2022 жылдың 30 қыркүйегі, сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 17 қыркүйекте басталады, 2022 жылдың 5 қазаны, сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау туралы ақпараттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-бетшелерінде орналастырылатын болады.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inder/activities/8502?lang=kk

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/activities/8862?lang=kk

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kurmangazy/activities/9120?lang=kk

 

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 956653, 354461, 956638

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_obl@saylau.kz, aotik2020@mail.kz

Дата публикации
16 сентября 2022