Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының

хабары

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қызылқоға  және Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиялары 2022 жылғы                     9 қазанға Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылдық округі және Махамбет ауданының Сарайшық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

Ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтері құрылды.

2022 жылғы 9 қазанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 10 қыркүйекте басталады, 2022 жылдың 23 қыркүйегі, сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 10 қыркүйекте басталады, 2022 жылдың 28 қыркүйегі, сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау туралы ақпараттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-бетшелерінде орналастырылатын болады.

 

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/activities/8462?lang=kk

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-mahambet/activities/13624?lang=kk

 

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

тел. 956653, 354461, 956638

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_obl@saylau.kz, aotik2020@mail.kz

Дата публикации
09 сентября 2022