Қазір көптеген компаниялар жеке куәліктің цифрлық көшірмесін қабылдай бастады, БЖЗҚ-да бұл жағы қалай болуда?

 Қазір көптеген компаниялар жеке куәліктің цифрлық көшірмесін қабылдай бастады, БЖЗҚ-да бұл жағы қалай болуда?

БЖЗҚ заманауи трендтерден қалыс қалмайды, міне, бірнеше ай бойы стандартты жеке куәлікпен қатар, оның цифрлық көшірмесін де пайдаланып келеді.

Бүгінгі таңда жеке зейнетақы қызметтерін БЖЗҚ-дан жеке куәліксіз алуға болады. Ол үшін eGov Mobile мобильдік қосымшасында жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің электрондық нұсқасымен БЖЗҚ бөлімшелеріне өзі келгенде:

жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;

деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау).

зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға болады.

Жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасын БЖЗҚ бөлімшелеріне тікелей өзі келгенде пайдалануға болатынын атап өтеміз.

Дата публикации
08 сентября 2022