«Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 241 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 241 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 241 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4801 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:

2-тармақ келесі мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау  нәтижелері бойынша сыйлықақы;»;

келесі мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау  нәтижелері бойынша сыйлықақы төлеу жергілікті бюджет есебінен жылына екі лауазымдық айлықақыға дейін Атырау облысы, Атырау қаласы мен аудандардың әкімдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының актілері (өкімі, бұйрығы) негізінде Комиссия оң шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                       С. Шәпкенов

Дата публикации
15 августа 2022