Атырау облысы бойынша 2022 жылдың қантар-шілде айлары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және облыс басшылығының жеке қабылдау қорытындылары туралы мәлімет
Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында жеке және заңды тұлғалардан "Е-өтініш" жүйесі арқылы 15042 өтініш келіп түсті.
Бұл ретте, қарау нәтижелері бойынша 14380 өтініш орындалды, оның ішінде қолайлы әкімшілік акт – 8354 (58,1%), ауыртпалық салатын әкімшілік акт – 2402 (16,7%) қабылданды.
Өтініштерде көтерілген мәселелер: ауыл шаруашылығы және жер қатынастары – 7279, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер-3372, қаржы, экономика, кәсіпкерлік мәселелері-504, адам құқықтары, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру – 783, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, кадрлармен қамтамасыз ету-1016, денсаулық сақтау-238, білім беру-536, көші – қон мәселелері – 274, құжат айналымы бойынша – 81, мәдениет, спорт, туризм – 226, мемлекеттік басқару – 137, экология-93, басқалары-503.
Есепті кезеңде облыс бойынша 1720 азамат жеке қабылданды (оның ішінде , облыс әкімімен 273 азамат қабылданды), оның ішінде 756 азаматқа заңға сәйкес түсінік беріліп, 964 азаматттардың мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі апта сайын жұма күндері мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жеке қабылдау және телефон арқылы кеңес береді (70 азамат жеке қабылданып, 119 азамат телефон арқылы кеңес алды).
Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 1038 азамат өтініш білдірді.Олардың: тұрғын үй - 270, денсаулық -113, әлеуметтік көмек -41, білім -45, жұмыспен қамту-79, жерді пайдалану-63, жол салу-17, кәсіпкерлік-44, құрылыс-9, мәдениет-11, ауыл шаруашылығы-14, қаржы-7, тағы да басқа мәселелер бойынша – 325. Барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.
Фронт-кеңсеге жүгінген азаматтардың өтініштерін жедел және тиімді қарау мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасалған меморандум аясында 117 азаматқа заң кеңестері берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау Жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.