Мен Украина азаматымын, өз елімдегі соңғы жағдайларға байланысты Қазақстанға көшіп келіп, осында тұруға ықтиярхат алдым. Енді осы жерде жұмысқа шықпақ ойым бар. Зейнетақы аударымдарын қайда және қалай жасасам болады?

Мен Украина азаматымын, өз елімдегі соңғы жағдайларға байланысты Қазақстанға көшіп келіп, осында тұруға ықтиярхат алдым. Енді осы жерде жұмысқа шықпақ ойым бар. Зейнетақы аударымдарын қайда және қалай жасасам болады?

 

Қазақстандық зейнетақы заңнамасы, дәлірек айтқанда ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ел азаматтарымен зейнетақымен қамсыздандыру құқығын тең дәрежеде пайдаланады деп көзделген.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын құжаты (шетелдіктер үшін – шетелдіктің  Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамдар үшін – азаматтығы жоқ адамның куәлігі) болған кезде Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.

2019 жылдың басынан бастап агенттер (жұмыс берушілер) БЖЗҚ-ға ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) автоматты түрде ашылады. Бұл тізімде Қазақстанда тұруға рұқсат алған адамдар да бар. Аталған жарна Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен МЗЖ аудару кезінде әрбір қызметкердің пайдасына төленетін табыстың 10% мөлшерінде аударылады. Жеке тұлғаның біздің елде тұруға ықтиярхаты бар-жоғын тексеру үшін оның дербес деректері Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен салыстырылады.

БЖЗҚ-да жеке тұлғада МЗЖ есепке алу үшін ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ-тан келіп түскен МЗЖ бастапқы сомасының негізінде ЖЗШ ашылады. Бұл жарнаны агент БЖЗҚ-ға жеке тұлғаның электрондық төлем тапсырмасында көрсетілген деректемелеріне аударады. Осыған байланысты БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашу үшін қандай да бір өтініш беру талап етілмейді.

 

Дата публикации
29 июля 2022