Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының
хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 28 тамызға Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылдық окруі әкімінің сайлауын тағайындады.
Ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі құрылды.
2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 30 шілдеде басталады, 2022 жылдың 12 тамызы, сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 30 шілдеде басталады, 2022 жылдың 17 тамызы, сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау туралы ақпараттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-бетшелерінде орналастырылатын болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kurmangazy/activities/9120?lang=kk
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 956653, 354461, 956638
интернет-сайт: atyrau.gov.kz