«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

қосымшада:

көрсетілген шешіммен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы»атағын беру қағидасында:

1) 2-тармақта:

бірінші абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы өмірбаяны Атырау облысымен (қаласымен, ауданымен) байланысты, мемлекеттік наградалары бар және кемінде 30 жыл еңбек өтілі бар, осы тармақтың 1) және 8) тармақшаларында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда 10 жылдан кем емес облыс көлемінде нақты салада қызмет еткен, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:»;

1) тармақща келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1) кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандар;»;

2) 2-1-тармақ алынып тасталсын;

3) 3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«3. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын иеленуге үміткерлерді облыс (қала, аудан) әкімі ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ұсынады.»;

4) 4-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2) өмірбаяндық мәліметі және 6х9 фото суреті;»;

5) 5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«5. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыным ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін Әкімнің атына жолданған еңбек ұжымы мен қоғамдық бірлестіктердің қолдау хаттары негізінде жасалады.»;

6) 5-1, 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:

«5-1. Облыс (қала, аудан) әкімі қолдау хаттарды облыс (қала, аудан) әкімінің өкімімен құрылған және оның орынбасары төрағалық ететін «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру турала комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жолдайды.

5-2. Комиссия осы Ережелерге сәйкес үміткерлерге қатысты барлық жағдайды анықтайды, құжаттардың растығына тексеру жүргізеді және ашық дауыс беру жолымен шешім қабылдайды.

Комиссияның шешімі 5 (бес) адамнан тұратын мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болады.

Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың депутаттары енгізілуі мүмкін.

Комиссияның шешімі ұсыну сипатында болады және комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

5-3. Комиссия қолдау хаттарды қарау нәтижесі бойынша облыс (қала, аудан) әкіміне атақ беру туралы ұсынымды облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатының қарауына енгізуді ұсынады.

7) 6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«6. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынымдар жылына бір рет облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттының төртінші тоқсанындағы кезекті сессиясында қаралады және «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы бес адамға дейін беріледі.»;

8) 11-1-тармақ алынып тасталсын;

9) 17-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«17. «Облыстың, (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағына ие болған тұлға куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етуі ұсынылсын.».

  1. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат хатшысы                                                                                  Ә.Нәутиев

 

Дата публикации
29 июля 2022