«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» » Атырау облыстық мәслихатының шешім жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» » Атырау облыстық мәслихатының шешім жобасына

 

р/с№

НҚА құрылымдық бөлігі

НҚА қолданыстағы редакциясы

Өзгерістің ұсынылатын редакциясы

1

2

3

4

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешімінде:

қосымшада:

 «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы»атағын беру қағидасында:

1

2-тармақтың бірінші абзацы

 

2. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы өмірбаяны Атырау облысымен (қаласымен, ауданымен) байланысты, мемлекеттік наградалары бар, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:

2. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы өмірбаяны Атырау облысымен (қаласымен, ауданымен) байланысты, мемлекеттік наградалары бар және кемінде 30 жыл еңбек өтілі бар, осы тармақтың 1) және 8) тармақшаларында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда 10 жылдан кем емес облыс көлемінде нақты салада қызмет еткен, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:

 

2-тармақтың               1) тармақшасы

1) Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаһармандық көрсеткендер және ерлік жасағандар немесе бейбіт уақытта кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандар;

1) кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандар;

 

2-1-тармақ

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы қайтыс болғаннан кейін де берілуі мүмкін.

алынып тасталды

 

3-тармақ

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын иеленуге үміткерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі ұсынады.

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын иеленуге үміткерлерді облыс (қала, аудан) әкімі ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ұсынады.

 

4-тармақтың              2) тармақшасы

2) өмірбаяндық мәліметі;

2) өмірбаяндық мәліметі және 6х9 фото суреті;

 

5-тармақ

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыным еңбек ұжымы мен қоғамдық бірлестіктердің қолдау хаттары негізінде жасалады.

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыным ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін Әкімнің атына жолданған еңбек ұжымы мен қоғамдық бірлестіктердің қолдау хаттары негізінде жасалады.

 

5-1-тармақ

жоқ

5-1. Облыс (қала, аудан) әкімі қолдау хаттарды облыс (қала, аудан) әкімінің өкімімен құрылған және оның орынбасары төрағалық ететін «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру турала комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жолдайды.

 

5-2-тармақ

жоқ

5-2. Комиссия осы Ережелерге сәйкес үміткерлерге қатысты барлық жағдайды анықтайды, құжаттардың растығына тексеру жүргізеді және ашық дауыс беру жолымен шешім қабылдайды.

Комиссияның шешімі 5 (бес) адамнан тұратын мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болады.

Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың депутаттары енгізілуі мүмкін.

Комиссияның шешімі ұсыну сипатында болады және комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

 

5-3-тармақ

жоқ

5-3. Комиссия қолдау хаттарды қарау нәтижесі бойынша облыс (қала, аудан) әкіміне атақ беру туралы ұсынымды облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатының қарауына енгізуді ұсынады.

 

6-тармақ

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыным облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың сессиясында қаралады.

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынымдар жылына бір рет облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттының төртінші тоқсанындағы кезекті сессиясында қаралады және «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы бес адамға дейін беріледі.

 

11-1-тармақ

«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы қайтыс болғаннан кейін берілген жағдайда, оларды беру туралы құжаттар отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады.

алынып тасталды

 

17-тармақ

«Облыстың, (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағына ие болған тұлға, сондай-ақ, қайтыс болғаннан кейін берілген тұлғалардың отбасылары куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етуі ұсынылсын.

«Облыстың, (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағына ие болған тұлға куәлік пен төсбелгінің сақталуын қамтамасыз етуі ұсынылсын.».

Дата публикации
29 июля 2022