«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Атырау қаласы және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиялары 2022 жылғы 7 тамызға Атырау қаласының Еркінқала ауылдық округі және Қызылқоға ауданының Жамбыл, Көздіқара ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындады.
Ауылдық округтер әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтері құрылды.
2022 жылғы 7 тамызға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 9 шілдеде басталады, 2022 жылдың 22 шілдесі, сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу 2022 жылғы 9 шілдеде басталады, 2022 жылдың 27 шілдесі, сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау туралы ақпараттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-бетшелерінде орналастырылатын болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/activities/8629?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/activities/8462?lang=kk
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 956653, 354461, 956638
интернет-сайт: atyrau.gov.kz