ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
2022 жылғы 24 маусым күні сағат 16.00-де «Арман» мәдениет үйінде Атырау облысы әкімі С.Ж.Шәпкеновтің Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау өткізетіндігін хабарлайды.
Кездесу Facebook (Қызылқоға ауданының әкімдігі) және Instagram (kizilkoga_akimat) желісіндегі парақшаларда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Тұрғындардың облыс әкіміне қоятын сұрақтар мен ұсыныстары үшін әкімдіктің электрондық мекен жайына kizilkoga.akimat@atyrau.gov.kz және орталықтандырылған 109 байланыс телефоны жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, тұрғындардың облыс әкіміне қоятын сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері үшін Қызылқоға ауданы әкімі аппаратында және «Арман» мәдениет үйі ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.
Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты