ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ МҰҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ МҰҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

2022 жылғы 24 маусым күні сағат 10.00-де №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Атырау облысы әкімі С.Ж.Шәпкеновтің Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылының тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау өткізетіндігін хабарлайды.

Кездесу Facebook (Қызылқоға ауданының әкімдігі) және Instagram (kizilkoga_akimat) желісіндегі парақшаларда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Тұрғындардың облыс әкіміне қоятын сұрақтар мен ұсыныстары үшін әкімдіктің электрондық мекен жайына mukur.okrug@atyrau.gov.kz және орталықтандырылған 109 байланыс телефоны жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, тұрғындардың облыс әкіміне қоятын сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері үшін Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратында және №2 жалпы орта білім беретін мектебі ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.

 

Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты

Дата публикации
20 июня 2022