2021 жылғы 1 шілдеден бастап өтініштерді тіркеу және олармен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес «Е-өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жаңа форматта жүргізілетіні белгілі.
2022 жылдың қаңтар-сәуір айында Атырау облысы бойынша 7552 өтініш келіп түсті. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындардан түскен өтініштер саны – 1041.
Өтініштерде көтерілген мәселелері: жерді пайдалану – 3398, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер – 924, әлеуметтік қамту мәселелері – 682, еңбек қатынастары – 596, құқық қорғау мәселлері – 142, мәдени мәселелер – 175, көші-қон мәселелері – 192, құрылыс – 138, денсаулық – 160, білім – 189, жұмыспен қамту – 146, ауыл шаруашылығы – 196, басқа да мәселелер бойынша – 614.
Есепті кезеңде облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен 162 қабылдау ұйымдастырылып, 681 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 173 азаматқа заңға сәйкес түсінік беріліп, 508 азаматтардың мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 525 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 116 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 3 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 15 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік беріліп, 98 азаматтардың мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 561 азамат өтініш білдірді. Олардың: тұрғын үй – 164, денсаулық – 60, әлеуметтік көмек – 35, білім – 23, жұмыспен қамту - 45, жерді пайдалану - 32, жол салу – 9, кәсіпкерлік – 23, құрылыс – 5, мәдениет – 5, ауыл шаруашылығы – 13, қаржы - 3, тағы да басқа мәселелер бойынша – 144. Барлығына заң шеңберінде түсініктер берілді.
Фронт-кеңсеге келген азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасақталған меморандум аясында заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсетілуде.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.