Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 24 сәуірде Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4648 азамат енгізілді, олардың 2417-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 188, "барлығына қарсы" – 453.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Утешкалиев Е.Е. – 1041; Камаладенов К.К.– 508; Мукашев Ж.Т. – 227.
Кеңөзек ауылдық округінің әкімі болып Ернар Есентемірұлы Өтешқалиев сайланды, 1965 жылы туған, Кеңөзек ауылдық округінің әкімі, Атырау қаласының тұрғыны, "Amanat" партиясы ұсынған.
.
Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы